Қоғамдық орынды ластағаны үшін бес тәулікке қамалды

Құқық бұзушы А. 2019 жылдың қаңтар айында Махамбет ауылында орналасқан аурухана тұсында, яғни қоғамдық орында темекі шегіп, темекі қалдығын жерге тастап, ұсақ бұзақылық әрекетін жасаған.

Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындап, әрекетіне өкініп, осындай іс-әрекетті енді қайталамайтынын айтқан.

Сот қаулысымен құқық бұзушы А. Қазақстан ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған әкімшілік жаза ретінде 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521