Жұбайын соққыға жыққаны үшін айыппұл тағайындалды

Құқық бұзушы М. үйіне алкоголь ішімдігін ішкен масаң күйде келіп, жұбайын балағаттап, ұрып-соғып, тән ауруына ұшыратып, денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Бұл туралы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Сот отырысында М. өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінетінін айтқан. Ал жәбірленуші А. өзінің жанұялық жағдайына байланысты сот отырысына қатынаса алмайтындығын айтып, істі өзінің қатысуынсыз қарауды өтінген. Жолдасына кешірім бермейтінін ескертіп, заң талаптарына сай шара қолдануды сұраған.

Құқық бұзушы М. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 24 050 әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521