Тараптар бітімгершілік келісімге келді

Махамбет аудандық сотында талап қоюшы материалдық шығынды және моральдық залалды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы Д. жауапкер А.-ға жол-көлік оқиғасынан салдарынан келтірілген материалдық шығынды және моральдық залалды өндіруді сұраған. Сот отырысында тараптар өзара бітімгершілікке келді.

Келісім шарттары бойынша жауапкер А. талап қоюшы Д.-ға ол-көлік оқиғасынан салдарынан келтірілген материалдық шығын 191 610 теңгені бөліп-бөліп 2 айда төлеп бітіруге, бірінші төлем 95 800 теңгені 2019 жылдың 08 қаңтар айына дейін, ал екінші төлем 95 800 теңгені 2019 жылдың 10 наурыз айына дейін төлеп бітіруге міндеттенді.

Аталған азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521