Заңдар кеңінен талқыланды

Махамбет аудандық полиция бөлімінде өзекті мәселелер талқыланды.

2020 жылдың 14 қаңтарында Махамбет аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтырының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдары талқыланды.

Заңдарды талқылаған дөңгелек үстелді аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары А.Аязғалиев ашты. Шараға аудан прокуроры Н.Ешманов, прокурордың көмекшісі А.Сабит, аудандық полиция бөлімінің орынбасары А.Тлепов, пробация, жергілікті полиция қызметтерінің учаскелік инспекторлары қатысып, заң төңірегінде ойларын ортаға салды.

Дөңгелек үстелді аудан прокуроры Нариман Ешманов қорытындылады.

А.Кабдыкайрова,

Махамбет аудандық пробация қызметі

бөлімшесінің бастығы, әділет капитаны

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT