Қазақстанда төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты ҚР азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға құжаттар және рұқсаттар, сондай-ақ болу мерзімдері өткен шетелдіктердің елден шығуын қамтамасыз ету немесе оларға Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты тұруға арналған рұқсаттар ресімдеу, еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзартуларды ресімдеу бойынша көші-қон қызметі тобы азаматтардың өтініштерін қабылдап жатыр.
Осыған байланысты көші-қон қызметі бөліністерінде ағымдағы жылғы 11 мамырдан бастап шетелдіктерді, қабылдайтын адамдарды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ете отырып, қабылдауға кірісті. Жаппай топтануды болдырмау мақсатында қабылдауды келесі кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз:
ҚР азаматтығына қабылдау, шығу және қалпына келтіру мәселелері бойынша сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін;
ал Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу мәселелері бойынша сағат 14.30-дан 18.30-ға дейін;
2) 2020 жылғы 10 шілдеге дейін әкімшілік жауапкершілікке тартусыз ҚР-нан шығуды қамтамасыз ету; оларға қатысы шығару туралы орындалмаған соттың шешімі бар көші-қон заңнамасын бұзушылар;
ҚР 2020 жылғы 1 ақпанға дейін келген ҚР-мен ратификацияланған визасыз кіру және болу туралы халықаралық келісім бар елдердің азаматтары;
Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 1 ақпанға дейін келген елімізге көшіп-қонушылардың кіруі және болуы ереженің 17 тармағында көрсетілген мемлекеттердің азаматтары. Ағымдағы жылғы 1 ақпанға дейін келген шетелдіктер жұмысқа жанұясымен қосылуға, емделуге, оқуға, бизнес-көшіп қонуға келгендер үшін миссионерлерге, тұрақты тұруға рұқсат беру үшін өтініш берушілерге негіз болған жағдайда ҚР-да уақытша тұруға рұқсаттар беру.
3. Көші-қон қызметі орталықтарының еңбек көшіп-қонушыларына рұқсаттарды беру және создыру мәселелері бойынша жұмыстарын бастауды, сондай-ақ уақытша келген шетелдіктерге ЖСН ресімдеу жүргізуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-ның аумақтық филиалдарымен келісе отырып, іске асырылуда.
Бұл ретте еңбек көшіп қонушы рұқсаты үшін жүгінген шетелдікке әрі қарай создыру құқығымен ең ұзақ (3 ай) мерзімге ресімдеу ұсынылды.
4. Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылған кезде халықты құжаттандыру және тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге жұмылдырылған көші-қон қызметі қызметкерлерімен қамтамасыз етеді.
5. Төтенше жағдай режимі кезеңі аяқталғаннан кейін 60 күн ішінде әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданбайды:
1) жеке басты куәландыратын құжаттарын, визаларын, еңбек көшіп қону рұқсаттарын создырмаған Қазақстан Республикасы азаматтары, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік жұмыс күшін тартушы жұмыс берушіге ағымдағы жылғы 16 наурызда төтенше жағдай жариялануға байланысты;
2) 2020 жылғы 1 ақпанға дейінгі жағдай бойынша Қазақстан Республикасына заңды кірген шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар.
Төтенше жағдай режимі кезеңінде және ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік 60 күнге дейін мерзімі өткен немесе өтетін жеке басты куәландыратын құжаттардың еліміздің аумағында жарамды деп тану туралы, сондай-ақ шетелдіктердің рұқсатты болу мерзімі туралы Үкіметпен шешім қабылданды.
Е.Дюсенбаев,
Махамбет АПБ КҚҚТ аға инспекторы, полиция капитаны
Сурет:дереккөз