Блок-бекеттердегі түйткілдер

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті облыстық арнайы мониторингтік топ мүшелерімен бірігіп, қала сыртында орналасқан блок-бекеттер жұмыстарына мониторинг жүргізілген еді.

Бұл жөнінде 24 сәуірде «ANTIKOR.live» жобасы аясында өткізілген онлайн-брифингте айтылған-ды. Онлайн-брифингке ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А.Мамыт, облыстық арнайы мониторингтік топ төрағасы А.Абдолов, полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қ.Әбдіғалиев қатысты.

«Мониторингтің басты мақсаты – қаладан тыс жерлерде коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша енгізілген шектеудің сақталуын тексеру. Блокпосттар қажетті құрал-жабдықтар, санитарлы-медициналық құралдармен жабдықталған және де барлық қажетті жағдайлардың жасалғандығын атап өту қажет. Арнайы мониторингтік топ мүшелерімен блокпосттардың жұмысына қаламызда төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап жүргізілуде. Мониторинг өз нәтижелерін беріп келеді. Атап айтсам, ағымдағы жылдың сәуір айының басында жүргізілген мониторинг кезінде «Алмалы» блок-постын айналып өту, яғни Алмалы ауылы ортасы арқылы қара жолмен өтіп кету фактілері орын алып, тұрғындар еш кедергісіз блокпосттарды айналып өтіп жатырқандығын анықтады. Бұл жөнінде дер кезінде полиция қызметкерлеріне айтылып, қазіргі таңда аталмыш пункттер полиция қызметкерлерімен дрон құрылғылары арқылы тексерілуде. Сондай-ақ арнайы мониторингтік топ ағымдағы жылдың 23 сәуірінде департамент қызметкерлерімен бірігіп, қайта блокпосттардың жұмысына мониторинг жасалды. Мониторинг нәтижесінде «Атырау-Астрахан» тасжолында орналасқан блокпостта кем дегенде 10 автокөліктен тұратын кептелістің болғандығын көрдік. Топ мүшелерімен тұрғындар арасында жүргізілген сауалдарына азаматтардың сәлемдеме (посылка) беру үшін тұрғандары, кейбір азаматтардың өтіп кету мүмкіндіктерін іздеп жүргендігі анықталды. Блокпост қызметкерлерінің айтуынша, азаматтарға ескертілгендігіне қарамастан күнделікті осындай кептелістің болатындығын айтты. Дегенмен, блокпост маңында ешқандай ақпараттық жадынамалардың жоқтығында айтып өту керек. Ол да өз кезегінде азаматтардың блокпост қызметкерлерімен тікелей байланыс жасауға әкеледі. Мониторинг жүргізген топ мүшелері анықталған кемшіліктерді блокпост қызметкерлеріне ескертті, алдағы уақытта кемшіліктер жойылады деген сенімдеміз.» - деді топ төрағасы А.Абдолов.

Брифинг барысында тұрғындардан алты сұрақ қойылып, тиісті жауаптары берілді.

 

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT