Мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігі күшейді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы Атырау облысы әкімдігімен бірлесіп, «Мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін дамытудағы жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырған-ды.

Конференция жұмысының басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілер мен көшбасшылардың кәсіби деңгейін көтеріп, қызметтік міндеттерін тиімді пайдалануда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқыту бағдарламаларының шеңбері аясында өңірдегі мемлекеттік қызметті тиімді ұйымдастыру, мансаптық, кәсіби өсу жолындағы мүмкіндіктерді зерделеу еді.

m

Облыстық ғылыми- тәжірибелік конференция жұмысын Атырау облысының әкімі Досмұхамбетов Махамбет Жолдасқалиұлы сөз сөйлеп ашты. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Әбіл Ерлан Қуанышұлы мемлекеттік қызметшілердің мансаптық, кәсіби өсу жолындағы және әлеуетін дамытудағы мүмкіндіктеріне кеңінен тоқталды.

k

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Атырау облысы әкімдігінің арасындағы ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қою рәсімі де өткізілді. Конференция жұмысы бойынша кіріспе сөз Атырау облысы әкімі аппаратының кадр жұмысы бөлімі басшысы Жұмабай Ербол Ізмұқанұлына беріліп, ол қазіргі таңдағы мәселелер бойынша өз ой-пікірімен бөлісті.

Сонымен қатар «Қоғамдық бақылау негізіндегі мемлекеттік қызметтегі кадрлардың әлеуеті» тақырыбындағы баяндаманы Атырау облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Өтешов Мұрат Сақтайұлы жасаса, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Шакуликова Гүлзада Тәңірбергенқызының «Кадрларды дайындаудағы заманауи технологиялар» тақырыбындағы баяндамасы да көпшілік көңілінен шықты.

k

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректорының кеңесшісі Өмірбекова Жайлы Бөкешқызының «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту: өткені, бүгіні, ертеңі» баяндамасы да ерекше атап өтуге тұрарлық. Ал академия түлегі, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Қаражанов Жұмабек Байрақұлының «ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы және менің жетістігімнің тарихы» баяндамасын да жұртшылық жылы қабылдады.

Конференция жұмысының бағдарламасы бойынша баяндамалар тыңдалып, ашық микрофон арқылы сұрақтар қойылып, конференция жұмысының бағыты бойынша қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Атырау облысы бойынша Департаментінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT