«Пробация» профилактикалық іс-шарасы басталды

Профилактикалық шара өтуде.

Пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың және қылмыстың қайталануының алдын алу, сондай-ақ іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау мақсатында 9-18 наурыз аралығында «Пробация» республикалық профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Аталған профилактикалық іс-шараның басты міндеті есепте тұрған бас бостандығын айырумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тарапынан болатын құқық бұзушылықты және қылмыстың қайталануын уақтылы анықтау үшін, тұрғылықты жерлері, әкімшілік деректер базасы және ішкі істер органдарының басқа да есептері бойынша тексеру болып табылады.

Іс-шараның алғашқы күндері есептегі адамдарды жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, есепте тұрған барлық сотталғандардың материалдық-тұрмыстық жағдайы, нақты қайда және кіммен тұратыны, тіркелу орны, тұрғылықты жері болуы жеті қадағаланды.

А.Молдашева,

аудандық пробация қызметі бөлімшесінің аға инспекторы,

әділет аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT