Мемлекеттік қызметшілер мүддесі үшін меморандум жасақталды

Мемлекеттік қызметшілер

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті және «Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі арасында мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бақытында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің заңмен көзделген құқықтарының, оның ішінде әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуын қамтамасыз ету, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге тиімді ықпал етіп, тұрақтылық пен қоғамдық келісімді жүзеге асыру болып табылады.

Алдағы уақытта аталған меморандум аясында бірлескен жұмыстар, әсіресе мемлекеттік қызметшілерді негізсіз үстеме жұмысқа тарту фактілерін жою, алдын-алу және болдырмау мақсатындағы мониторинг, рейдтік және өзге де шараларды жүргізу көзделген.

Атап өту қажет, 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап мемлекеттік органдарда жұмыс кестесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға қатысты заңнамалық өзгерістер енгізіліп, бұл бағыттағы бақылау функциялары және артық жұмыс жасау деректері бойынша шаралар қабылдап, бірінші басшылардың әкімшілік жауапкершіліктерін тікелей қарау Департаменттің құзіретіне берілген болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT