Қызметіме жауапкершілікпен қараймын

Мемлекеттік қызмет – қашанда халықтың болашағы мен кемел келешегі үшін қажетті құрал.

Мемлекеттік қызмет – қашанда халықтың болашағы мен кемел келешегі үшін қажетті құрал.

Ал сол мәртебелі міндетті жүргізу әрбір мемлекеттік қызметшіден үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мен жас мемлекеттік қызметші ретінде бұл абыройлы міндеттің жүгі ауыр екенін жақсы түсінемін. Мемлекетіміздің абыройы мен беделі мемлекеттік қызметкерлердің білімі мен белсенділігіне, атқаратын қызметінің сапасына тікелей байланысты екені сөзсіз. Оны мен мемлекеттік қызметке келген күннен бастап сезіндім. Олай дейтін себебім, әрбір көрсетілетін қызметтің көлемі, түрі және уақыты белгілі қағидаларға сәйкес заңдармен айқындалған. Ал оның орындалу сапасы, мемлекеттік қызметшінің ынтасы мен біліміне, тәжірибесі мен танымына және қабілеті мен жауапкершілігіне байланысты.

Мен мемлекеттік қызметке келген жас маман болсам да алдымда үлкен жауапкершілік тұрғанын түсіндім. Мемлекетіміздің абырой-беделінің жоғары болуына кішкене болса да өзімнің үлесім бар екендігін мақтаныш етемін. Сондықтан да әрбір атқарылатын іске, оның мазмұны мен сапасына мән беріп, жауапкершілікпен қараймын.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетін аяқтағаннан кейін, Халықаралық қатынастағы қызметтердің бағытын терең білу мақсатында ҚХР-да дәріс алып, тәжірибе жинадым. Алған білімімді жетілдіру мақсатында Қытай компаниясында алты жылдай өндіріс пен құрылыс салаларында аудармашылық қызмет атқардым. 2021 жылы Махамбет ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, жұмылдыру дайындығы және мемлекеттік қызмет сапасын бақылау бөліміне бас маман болып, қызметке келдім. Бұл мен үшін мемлекеттік қызметтің жаңа бір сатысына көтерілгендей әсер берді.

Мемлекеттік қызметте қағазбастылықтан арылтып, құжаттардың тізбесін қысқартып, халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру үкіметіміздің басты мақсаты екенін, яғни ендігі жерде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік қызметшілердің жұмысының тиімділігінің басты көрсеткіші болып табылатындығын ұғындым.

Бүгінгі таңда заман талабына сай мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Халықтың мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыру бағытындағы игі бастамалардың бірі, мемлекеттік қызметті цифрландыру, яғни электрондық форматқа көшіру.

Өркениет дамыған сайын халыққа көрсетілетін қызметтің түрі де көбейетіні сөзсіз. Сондықтан да бұл саланы цифрлық форматта өрбіту тек өмір талабы емес, ол – ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы.

Халқымыз айтқандай, «жас келсе – іске» деген сөзінің мағынасын маған көрсетілген үлкен сенім деп бағалап, үнемі сол биіктен көрінуге талпынамын.

Дилбара МАҒЗОМОВА,

аудандық әкім аппаратының ұйымдастыру,

жұмылдыру дайындығы және мемлекеттік

қызмет сапасын бақылау бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT