Мемлекет басшысы Президенттік кадрлық резерв құрылатынын мәлімдеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік кадрлық резерв құру арқылы жас әрі дарынды жастарға қолдау көрсетілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің ең басты міндетім - сіздер ең басты армандарыңызды орындай алатындай жағдай жасау, өзіңіздің жетістік жолыңыз туралы жаза білуге мүмкіндік жасау.

Мемлекеттік қызметтің барлық деңгейінде жаңа дарынды басқарушыларды қолдау үшін Президенттік кадрлық резерв құрылады. Біздің жастар - өте дарынды әрі креативті, мақсатқа ұмтылып тұрады. Сол себепті, Қазақстанның болашағы сенімді қолда деп айта аламын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы ұлықтау рәсімінде.

Сурет:Дерекөзі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521