Елбасының әлем қауымдастығы үшін сіңірген еңбегін әрқашан құрметтейміз

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл әлем мойындаған даму моделін жасады. Бұл туралы Тәуелсіздік сарайындағы ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақиқатын айтуымыз керек, бұл сайлауда біздің азаматтарымыз Елбасының стратегиялық бағдарын қолдап, дауыс берді! Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл әлем мойындаған даму моделін жасады.

Қазақстанның Көк Туын дүниежүзінің түпкір-түпкірінде желбіретті. Осы күндері менің атыма азаматтарымыздан көптеген өтініш-тілектер келіп түсуде. Олардың бәріне ортақ бір ғана тілек бар: Елбасымыздың жолын, Стратегиясын сақтау және оны одан әрі нығайту. Шын мәнінде халықтың дәл осындай өтініш-тілек айтуы заңды әрі орынды. Себебі қазіргі дамыған Қазақстан - бұл, ең алдымен, Елбасының арқасы», - деді Қ. Тоқаев.

Осы орайда Қасым-Жомарт Кемелұлы Елбасы жаһандық деңгейдегі мемлекет қайраткері екенін атап өтті. «Әлем тарихына дәл осылай жазылды. Елбасының халқымыз үшін және әлем қауымдастығы үшін сіңірген орасан зор еңбегін әрқашан құрметтеу - бәрімізге ортақ парыз» , - деді Президент.

Сурет:Дереккөзі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521