Азаматтарды саяси көзқарастары мен ұстанымдарына қарай бөлуге жол бермеймін

Еліміздің әр азаматының мүддесін қорғау - менің басты мақсатым. Бұл туралы елордада Тәуелсіздік сарайындағы ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент ретінде халқымызға мынаны айтқым келеді: еліміздің әр азаматының мүддесін қорғау - менің басты мақсатым. Оларды саяси көзқарастары мен ұстанымдарына қарай бөлуге жол бермеймін! Түрлі саяси және қоғам қайраткерлерінен келіп түскен құнды ұсыныстарды, бастамаларды мен өз жұмысымда міндетті түрде ескеремін.Ашық және әділ жұмыс істейміз. Біз үшін ең маңызды міндет - заңға сай адал қызмет ету.

Біздің бір ғана Отанымыз бар! Тағдырымыз - бір! Халқымыздың жарқын болашағы үшін бәріміз бірге еңбек етеміз!» , - деді Мемлекет басшысы.

Сурет:Дереккөзі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521