Масаң күйде көлік басқарушылар азаймай тұр

Жүргізушілік куәлігінсіз көлік жүргізген.

Атырау облысының Махамбет аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылғы 9 наурызда автокөлік жүргізуге жүргізуші А.С куәлігін алмаған бола тұра маркасы «Тойота Камри» көлік құралын Атырау-Орал тас жолының 56 шақырым тұсында алкогольдік масаң күйде басқарған.

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 8-бөлігімен азамат А.С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында А.С. кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтқан.

Сот қаулысымен А.С. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 608-бабының 8-бөлімімен кінәлі деп танып, оған осы бап бойынша әкімшілік жаза ретінде 371 140 теңге әкімшілік айыппұл жазасы тағайындалды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT