Аудандық сотта «Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Оған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы А.Б.Картжанова, жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант С.Есенгалиев, аумақтық бөлім басшысы, аға сот орындаушысы С.Кереев қатысты.
Дөңгелек үстелді аудандық соттың судьясы С.Амантаев ашып, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан әлеуметтік қамсыздандыруға байланысты бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін айтып, мұндағы мақсат - халықты еңбекке ынталандыру, азаматтардың табыстарын және мемлекеттік қолдау мөлшерін есепке алуға қатысты әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету керектігін айтты.
Бүгінгі таңда аудандық сотта неке бұзу, алимент өндіру туралы арыздарының күрт көбейіп, соттар жүктемесін артқаны заңдарға түсінбеушіліктен туындағанын, осыған орай әлеуметтік қамсыздандыруға байланысты бірқатар заңдарға түсінік жұмыстарын жүргізіп, халыққа аталған өзгерістерге сай, түсінік беру керектігін алға тартты. Аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Г.Сағынова әлеуметтік қамсыздандыруға байланысты бірқатар заңдарға түсінік берді. Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы А.Б.Картжанова өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Президенті ашықтықты, әділеттікті және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ете отырып, АӘК тағайындау тетігін өзгертуді және АӘК алатын отбасылардағы балаларға қосымша кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізілгенін де тілге тиек етті.
Ағымдағы жылға атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге 845 адамға 99,0 млн теңге қаржы қаралғанын, кепілдік берілген әлеуметтік топтамаға 191 балаға 12131,0 млн.теңге қаржы қаралып отырғанын тілге тиек етті. АӘК тағайындалып, төлеудің бұрынғы тәртібі қалпына келтірілгенін, өткен жылы АӘК-тің шартсыз ақшалай көмек 6 айға және шартты ақшалай көмек 12 айға тағайындалса, осы жылдан бастап АӘК тек 3 айға (тоқсан сайын) тағайындалып төленетінін еске салды.
Аумақтың бөлім басшысы, аға сот орындаушы С.Кереев алимент өндіру мәселесін көтерсе, жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты С.Есенғалиев көпбалалы отбасыларға кепілдендіндірілген әлеуметтік пакет таратып жатқанын, оның кімдерге беріліп жатқанын әңгімеледі.
Сала мамандары қойылған сауалдарға жауаптар қайтарып, АӘК-ке өтініш қабылдауда өтініш беруші және оның отбасымен жүргізілетін әңгімелесуді тиімді пайдалану, арызданушыларға борышкер деп танылудың, көмекті заңсыз алу салдарларын түсіндіру маңыздылығы кеңінен талқыланды.
А.Қуанышқалиева