«Ойын бизнесіне «ЖОҚ» деп айтайық»

2019 жылдың 27-29 мамыр аралығында Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті мен және "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп БАҚ-ты тарта отырып,"ойын бизнесіне "жоқ" деп айтайық"атты профилактикалық акция өткізді.

Аталған акцияның мақсаты - Атырау облысы аумағында заңсыз ойын бизнесінің жолын кесу және жол бермеу.

Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жұмысының көрсеткіші, бұл анықталған құқық бұзушылықтардың саны емес, ең бастысы, біздің облыста осындай заң бұзушылықтардың алдын алу, және жою болып табылады.

Аталған акция барысында қала аумағында орналасқан букмекерлік кеңселерге барып, түсіндіру әңгімелері жүргізіліп, заңсыз ойын бизнесін ашу кезінде әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы қысқаша ақпарат беріп, қазақ және орыс тілдерінде дайындалған буклеттер таратылды.

Өз тілшіміз

Сурет:Дереккөзі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521