Махамбеттік ақсақал республикалық бата беру байқауында ынталандыру сыйлығын иеленді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен І республикалық бата беру байқауында Атырау облысының намысын қорғаған махамбеттік Самиғолла Машаев үздік төрттікке ілігіп, ынталандыру сыйлығына ие болды.

Ол бұған дейін Құлсары, Атырау қалаларында ел ағалары қатысқан бата беруден облыстық сайыстардың жеңімпазы атанған-ды.
Самиғолла  Бәделұлы – ағайын-туыс, жора-жолдастары арасында беделді, сөзге шешен, алғыр да алымды орта буынның бірі. Ағайын-туыстың түрлі шараларын жүргізіп, өз қатарының алдыңғы легінен көрініп жүр. Құдай қосқан жары Үздік Ысқаққызы екеуінен Еркебұлан, Жасұлан, Аяжан және Бекет атты ұл-қыздар өмірге келді. Бүгінде ұлдарының алды үйленіп, қызы тұрмыс құрып, басқа рулы елдермен құдандалы болды. 
Республикалық көлемде алғаш рет өткізілген байқауға облыстық іріктеу кезеңінен оза шапқан дуалы ауыз 20 ақсақал Астанадағы Бас мешіттің ішін батамен жаңғыртты.  Байқауға қатысушыларға шариғат пен дәстүрге сай мағыналы бата беру, дауыс ырғағы, киім үлгісі, қосымша сұрақтарға жауап беру талаптары қойылды. Байқаудың марапаттау рәсіміне қатысқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жолдың алыстығына, өздерінің қарттығына қарамай елорда төрінен табылып, қазақтың бата беру салтын қайта жаңғыртқан ақсақалдарға айрықша алғысын білдірді. 
Айта кетейік, республикалық байқау «Munara TV» телеарнасы мен «Муфтият ҚМДБ» YouTube арнасында, сондай-ақ Діни басқарманың Instagram желісіндегі ресми парақшасынан тікелей эфирде көрсетілді.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521