Мәдениет майталмандары марапатталды

Ауданда мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған «Мәдениетке-мәртебе» атты салтанатты кеш өтті.

Салтанатты кеш  барысында өнерді өміріне серік еткен жандарды кәсіби мерекесімен аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев құттықтады.

-«Өлке мәдениетін аудандық, облыстық, республикалық, тіпті халықаралық деңгейде дәріптеп, ұлттың өнегесін қалыптастырып келе жатқан мына өздеріңізсіздер. Барлық мәдени көпшілік шаралар, батыл бастамалар мен мазмұнды бағдарламалардың байыппен іске асуына, рухани-танымдық жобаларды ұйымдастыруда еңбектеріңіз қашанда өлшеусіз. Киелі өнер жолында аудан мәдениеті мен өнерін өрістету, ұлттық мәдени мұрамызды әлемге таныту жолындағы еңбектеріңізге зор ризашылығымды білдіре отырып, шығармашылық табыс тілеймін. Өнердегі жұлдыздарыңыз жарық болсын демекпін!»-деді Қ.Нұрлыбаев.

Мерекелік шарада бір топ мәдениет қызметкерлері Махамбет ауданы әкімінің «Алғыс хатымен», сонымен қатар аудандық маслихаттың, Аманат партиясының алғыс хаттарымен марапатталды. Кеш одан әрі дәстүрлі халық әндері мен күйлері, эстрада әуендері орындалған, мың бұралған бишілер өнер көрсеткен аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен өз жалғасын тапты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521