Махамбет ауданы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 18.04.2020 жылғы №2 қаулысы

Шектеу іс-шараларын күшейту туралы.

Мен, Махамбет ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ажигалиева Гулшат Бактыбаевна, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13 –тармағының 4 тармақшасына және 148 бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» №306 қаулысына және ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі №33-ПГВр «Карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысын, Атырау облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 16 сәуір 2020 жылғы №34-ПГВр «Карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысын, 14.04.2020 жылғы №31-ПГВр «Атырау облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және (COVID-19) короновирустық инфекциясының таралуына жол бермеу туралы іс-шаралары» қаулысын басшылыққа алып, Республикалық мемлекеттік мекемесі Махамбет аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының №73-1915-08 ережесіне сәйкес, коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Махамбет ауданы аумағында шектеу шаралары 2020 жылғы 1 мамыр сағат 07.00-ге дейін ұзартылсын.

2. Ауылдық округ әкімдері:

1) халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлерін (қызметтік куәліктер мен жұмыс орынынан анықтамаларды көрсеткен кезде), медициналық көрсетілімдер бойынша шығатын және кіретін адамдарды қоспағанда, ауданның, ауылдық елді мекендердің аумағынан кешкі 21:00-ден таңғы 06:00 ге дейін шығуға және кіруге тыйым салуды;

2) авариялық-құтқару, жедел медициналық жәрдем қызметтерінің қолжетімділігін және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді ескере отырып, карантиндік аймаққа кіру/шығу пункттерін айқындауды;

3) Аудандар, ауылдар арасында, елді мекендер ішінде ресми және ресми емес жеке тасымалдаушылармен осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, тыйым салуды;

4) екінші деңгейдегі банктер, «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесінің, айырбастау пункттерінің қызметін онлайн жұмыс режиміне және «клиенттерге дейін жеткізу» принципі бойынша жұмыс істеу;

Санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып (персоналдардың және келушілердің бетперде тағуы, қолды өңдеу үшін санитайзерлер орнату, жоғарғы бетті күніне екі реттен кем емес өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, ылғалды тазалық жүргізу, желдету) зейнетақы, атаулы әлеуметтік көмек және төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алу үшін заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсететін бөлімшелерді, үй-жайларды қоспағанда,екінші деңгейлі банктер және «Қазпошта» АҚ-ның филиал бөлімшелерінің үй-жайларын, бөлімшелерін жабуды қамтамасыз ету;

Екінші деңгейлі банктер және «Қазпошта» АҚ филиалдары, сондай-ақ, қызметі тек банкнот, монета және құндылықтар инкассациясына байланысты заңды тұлғалар, экономика субъектілерін және тұрғындарды жұмыс сағатында үздіксіз қолма-қол ақшамен, оның ішінде банкоматтарды уақытында қолма-қол ақшамен толырып отыруды және жұмысын үздіксіз қамтамасыз етуге;

Екінші деңгейлі банктер және «Қазпошта» АҚ мынадай қызметпен айналысатын ұйымдардың жұмысын қамтамасыз етсін: банкоматтардың, терминалдардың, интернет-банкингтердің, мобильдік банкингтердің және клиенттердің банктік шоттарын қашықтан басқару жүйесінің, инкассаторлық қызметтің, сall-қызметтердің, төлем карталарын жеткізу қызметін, банктің үй-жайларын ұстау қызметін және банк қызметкерлерін жалға алынған автокөлікпен жеткізуді;

5) меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, қызмет көрсету саласы объектілерінің қызметін тоқтата тұруды;

6) жәрмеңкелердің, азық-түлік базарларының, азық-түлік емес тауарлар базарларының, автомобиль, киім-кешек, мал базарлары мен адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің жұмысын тоқтата тұру;

7) ауылдық елді мекендер ішінде тұрғындардың жүріп-тұруына тыйым салуды енгізу;

8) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететіндерді қоспағанда, барлық кәсіпорындардың/ұйымдардың қызметін тоқтата тұру;

9) діни мақсаттағы объектілердің жұмысын тоқтата тұру;

10) ауылдардың, ауылдық елді мекендердің ішінде жеке көліктің қозғалысын шектеу;

11) бір отбасы мүшелерін қоспағанда, көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда үш адамнан артық топпен жиналуды шектеу;

12) қажет болатын: - азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу;

- Халық банкі және Казпошта бөлімшелерінен жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, басқа да төлемдерді алу;

- жұмысқа шығу жағдайларын қоспағанда, тұрғындардың тұрғын үйден шығуын шектеуді;

13) тұрғылықты жері бойынша отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;

14) 65 жастан асқан адамдарға және он сегіз жасқа толмаған адамдарға тұрғын үйден алып жүретін адамсыз шығуына тыйым салу;

15) карантин кезеңінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің тізбесі мен жұмыс режимін осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес айқындауды;

3.Аудандық полиция бөлімі:

1) Шектеу шараларын қамтамасыз ету мақсатында патрульдік шараларды күшейту;

2) қоғамдық орындарды және көшелерді патрульдеу кезінде тұғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, шектеу кезінде азаматтардың қоғамдық орындарда қозғалысының мақсатын тексеру, оның ішінде жұмыс тобының мәліметтерімен біріктірілген қызметтік планшеттерді қолдану;

3) отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан асатын топтардағы адамдардың қозғалысына, сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың ересектерсіз жүруін болдырмау;

4) СOVID-19 вирусымен ауырғандармен байланыста болғандарды іздеу және карантинге орналастыру бойынша іс-шараларына қатысу;

5) карантиндік және шектеу шараларының бұзушылықтары анықталған кезде өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша дереу шаралар қабылдауды, сондай-ақ, профилактикалық мақсаттарда осы фактілерді бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялауды қамтамасыз етсін;

6) шектеу белгіленген аймаққа, жаяу жүргіншілердің ауданға кіруіне, сондай-ақ, барлық көлік құралдарының рұқсатсыз кіруіне жол бермеуді қамтамасыз етсін;

7) сыбыстар мен арандатушылық ақпараттардың жолын кесу жөніндегі жұмыстарды ерекше бақылауға алады, фактілер анықталған жағдайда кінәлілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапқа тарту үшін дереу шаралар қабылдайды және қауесет пен арандатушылық ақпаратты одан әрі таратуды тоқтатады;

8) азаматтардың көше бойымен жүру құқығынсыз үйдегі карантин режимін сақтауын бақылау;

9) СOVID-19 вирусымен ауырғандармен байланыста болғандар орналастырылған провизорлық және карантиндік стационарлардың күзетін қамтамасыз ету;

4.Аудандық аурухана:

1) медициналық ұйымдарға науқастарды жоспарлы түрде госпитализациялауды шектеу;

2) «Карантиндік іс-шараларды күшейту туралы №33-ПГВР 14.04.2020 жылғы қаулыға енгізілген 1 қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыс режимін және аймақтандыруды сақтауды қамтамасыз ету.

3) барлық денсаулық сақтау ұйымдарында СOVID-19 вирусына экспресс-тест жүргізу үшін арнайы бөлме бөліп, құралдармен қамтамасыз ету;

4) жедел респираторлық вирустық инфекциямен және жоғары температурамен түскен пациенттерді бөлек қабылдауды қамтамасыз ету;

5) медициналық мекемелерде сүзгі режимін енгізу;

6) денсаулық сақтау ұйымдарында санитарлық-дезинфекция және эпидемияға қарсы режимнің қатаң сақталуын қамтамасыз ету;

7) карантиндік стационарларда персоналдың қорғану шараларын сақтауды қамтамасыз ету;

8) орта және ауыр дәрежеде жедел респираторлық вирустық инфекциясымен ауырғандарды қабылдау және госпитализациялау арнайы бөлімдерін ашып көрсету;

9) пайдаланылған жеке қорғаныш құралдарын жинақтауды және жоюды орталықтандыру;

10) қашықтан қызмет көрсету форматына алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының дәрігерлерін қабылдауды, сондай-ақ, онлайн режимінде немесе рецепттерді үйге жеткізу.

5. Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектерді, қоғамдық тамақтандыруды сату объектілері бар ұйымдар, кәсіпкерлік субъектілері, үкіметтік емес ұйымдар:

1) қызметі тоқтатылмаған ұйым басшыларына қызметкерлерін максималды қашықтан жұмыс жасауға ауыстыру, қызметкерлерді үйлеріне жеткізуді тек қана қызметтік автокөлікпен қамтамасыз ету;

2) әр 2-3 сағат сайын дезинфекциялық және жуғыш заттарды қолдана отырып ылғалды тазалау жүргізу;

3) сатушылар мен басқа жұмысшылардың келушілермен әр екі сағат сайын өзгеріп тұратын қорғаныш бетперделермен, қорғаныш көзілдіріктермен және резеңке қолғаптармен жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

4) келушілерді нысандарға тек медициналық бетпердемен жіберуге;

5) дүкендерде сатып алушылардың қозғалысын 2 метрден кем емес шектеу, кезектер жасау кезінде объектілердің үй-жайларына өткізу қабілетін ескере отырып, кезекпен адамдарды кіргізуді қамтамасыз ету;

6) қашықтықты сақтау үшін өткелдерде таңбаларды орналастыруды қамтамасыз ету;

7) шаруашылық субъектілеріне азық-түлік пен қажетті тауарларды үйде жеткізуді ұйымдастырумен тауарларды ғаламтор арқылы сату үшін интернет-ресурстарды барынша пайдалануды ұсыну;

6. Аудандық ішкі саясат бөліміне:

1) Коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша Махамбет ауданы аумағында шектеу іс-шаралары режимін сақтау жөнінде жадынамалар, хабарландырулар, инфографикалар, бейнероликтер мен жүгіртпе жолдарды және т.б. тарату арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.

7. Ауданның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар басшыларына (электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалар), аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі:

1) су тасқыны кезеңін ескере отырып, шаруашылық-ауыз су құбырында ауыз суды залалсыздандыру жөніндегі іс-шараларды күшейтсін;

2) су құбыры мен кәріз желілері мен құрылыстарындағы апаттарды уақытында жоюды және кейіннен жүргізілген іс-шараларды, оның ішінде зертханалық жұмысты қамтамасыз ету;

3) қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен (бетперделермен) қамтамасыз ету, құрылымдық бөлімшелер шегінде қызметкерлердің қозғалысын шектеу, олардың бір-бірімен жақын қарым-қатынасын болдырмау;

4) жалпы пайдалану орындарында дезинфекциялық режимді күшейту;

8. «Қазпошта» АҚ-ның Махамбет аудандық бөлімшесі:

1) тұрғындарға қызмет көрсететін қызметкерлерді бір реттік қолғаптармен және бетперделермен қамтамасыз ету, пошталық корреспонденциямен (хат, сәлемдеме) байланысты қызметтерді жеке қорғаныш құралдарымен жүргізу (халат, бетперде, қолғап).

9. Махамбет аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы:

1) бекітілген аумақта, халықтың жаппай жиналатын объектілерінде санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылау;

2) тәуекел тобындағы объектілерге нұсқама беру;

3) қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға сәйкес эпидемияға қарсы шаралардың жедел жоспарын жаңартып отыру;

4) карантиндік стационарларда медициналық қызметкерлер мен пациенттердің қауіпсіз тамақтануына бақылау қою;

5) медициналық ұйымдарда қозғалу кезінде жеке қорғаныш құралдарының және дезинфекциялық құралдардың бар-жоқтығына, қозғалысына мониторинг жасауды ұйымдастыру;

10. Махамбет аудандық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жыл 11 сәуірдегі №1-ПГВр «Махамбет ауданы аумағында қосымша шектеу іс –шараларының, оның ішінде халықтың өмірі мен (немесе) өзге де қызметіне тұрмыстық ерекше жағдайын енгізу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.

11. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

12. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Г.Ажигалиева,

Махамбет ауданының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT