Төтенше жағдай жарияланса да аудандық соттың жұмыс уақыты тоқтаған емес

Елімізде төтенше жағдай жарияланса да, Махамбет аудандық сотының жұмыс уақыты тоқтаған емес.

Елбасы әлемді жармаған індеттің таралуына байланысты төтенше жағдай кезінде қауіп-қатердің алдын-алып, сақтық шараларын сақтап, үйде болуды тапсырды.

Аудандық сот бүгінде сол сақтық шараларды қатаң бақылауға алып, өз жұмысын жалғастыруда. Бүгінгі таңда сотқа тараптар мобильді (TruefConf, бейнеконференцбайланыс және т.б.) қосымшалары арқылы қатысып отыр. Арыз, өтініш, шағымдар сот кабинеті арқылы түсуде.

Кейбір күрделі істер бойынша тараптардан істі кейінге қалдыру туралы өтініштер түсіп, уақыты ұзартылуда. Ал, кейбір істер татуласумен аяқталып, неке бұзу туралы азаматтық істер бойынша тараптар татуласуға уақыт сұрауына байланысты кейінге қалдырылды.

Осындай қиын сәтте сот жұмысының жалғасуына сот төрағасы Б.Қадырғалиев, судья С.Амантаев, сонымен қатар сот мамандары да атсалысып жұмыс кезінде сақтық шараларын сақтап, арнайы антисептик қолданумен, бетперде және қолғап киіп, өз денсаулығын қорғауды қолға алды. Аудандық сот ғимаратында мамандар кезекті ауысыммен жұмыс жасауға көшті.

Ағымдағы жылдың 16 наурыз айынан кейінгі төтенше жағдай кезегінде мобильді қосымшаны пайдалану арқылы барлығы 25 іс қаралды. Бұл дегеніміз, төтенше жағдай жарияланғаннан кейінгі кезеңде тараптар өз мүмкіндіктерін арнайы қосымшалар арқылы пайдаланып, үйден шықпай-ақ, қашықтықтан қарауына жол ашылып, цифрлық дамудың жаңа кезегін кеңінен пайдаланып отыр.

Бүгінгі жағдай тараптардың уақыттың әрбір мемлекет азаматтары үшін маңыздылығын түсініп, бір-біріне деген құрмет пен сыйластық, кішіпейілділік мейрімдерін оятуға жол ашуда. Соттасу оңай әрине, алайда татулыққа, бірлікке жетер ештеңе жоқ.

Г.Сағынова, аудандық соттың

кеңсе меңгерушісі

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT