Атыраулықтарға көшеде жүруге шектеу қойылды

Тұрғылықты жерден тек дәлелді себеп болған жағдайда ғана шығуға рұқсат етіледі, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аймақтың бас санитарлық дәрігерінің №31 Қаулысы күшіне енді. Қаулыда карантин уақытында, яғни 2020 жылдың 17 сәуірінен 1 мамырына дейін енгізілген шектеу шаралары көрсетілген.

Жаяу жүруге 06.00-09.00 және жұмыстан қайтарда 17.00-20.00 аралықтарында рұқсат етіледі. Үйден шығуға тұрғылықты жеріне жақын маңнан азық-түлік, дәрі, бірінші қажеттіліктегі заттарды алу, шұғыл медициналық көмекке жүгінумен байланысты жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

Атырау тұрғындарына үйлерінен тыс жерлерде бетперде тағып, қолды антсептикпен өңдеп, бір реттік қолғап киіп жүру ұсынылады. 65 жастан асқан адамдар көшеге айрықша қажеттілік болмаған жағдайда шықпауы тиіс.

tyiym200420

Рұқсат етілген мекемелердің қызметкерлеріне жұмысқа барарда сағат 6.00-9.00 және қайтарда 17.00-20.00 аралығында жеке автокөліктерімен жүруге болады.

t

Сонымен қатар, сағат 21.00-ден 06.00-ге дейін Атырау қаласында төмендегілерді қоспағанда азаматтар мен автокөліктердің жүруіне толық тыйым салынады:

Рұқсат етіледі:

⁃ облыстық, қалалық әкімдік қызметкерлері;

⁃ Құқық қорғау органдары;

⁃ Медициналық жедел жәрдем;

⁃ Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер;

⁃ Өрт сөндіру, апаттық құтқару қызметтері;

⁃ Апаттық-техникалық қызмет;

⁃ Стратегиялық нысандарда өндіріс процесін қамтамасыз етуші жұмысшылар мен тіршілікпен қамтамасыз ету нысандарының қызметкерлері, басқа адамдарсыз және отбасы мүшелерінсіз (қызметтік куәлік пен жұмыс орнынан анықтама көрсеткен кезде).

Қоғамдық орындар:

саябақ, жағалау, көшедегі балалар ойын алаңы, басқа да азаматтар демалатын орындар жұмысы тоқтатылады.

Көпшіліктің қатысуымен өтетін шараларға - мерекелік, спорттық, мәдени-көпшілік шаралар, конференция, семинар, көрме өткізу және үйде отбасылық шара жасауға толықтай тыйым салынады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT