Т ю р и н а Ф а з и л а Жауғаштықызы 1968 жылы 7 қазанда Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Ақжайық совхозында дүниеге келген.
Ұлты - қазақ. Б і л і м і – ж о ғ а р ы . 1 9 8 7 жылы Гурьев педагогикалық училищесінің мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі, 2009 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығын тәмамдаған.
2012-2014 жылдары Абай а т ы н д а ғ ы Қ а з а қ ұ л т т ы қ педагогикалық университетіне оқуға түсіп, «Педагогика және психология» МАГИСТРі академиялық дәрежесі дипломын алған.
Еңбек жолын 1987 жылы Ақжайық совхозында «Арай» балабақшасының тәрбиешісі қызметінен бастаған. 1991-1993 жылдары Есбол ауылы Есбол орта мектебінің ұзартылған күн тәрбиешісі;
1993-2007 жылдары Есбол ауылындағы «Айгүл» балабақшасының тәрбиешісі; 2007-2015 жылдары Есбол ауылындағы «Айгүл» балабақшасының меңгерушісі;
2015 жылдан күні бүгінге дейін Есбол орта мектебінің директоры болып қызмет атқарып келеді. Өзін-өзі ұсынған. Отбасылы, төрт бала тәрбиелеуде.
МАХАМБЕТ АУДАНЫ АҚЖАЙЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ ТЮРИНА ФАЗИЛА ЖАУҒАШТЫҚЫЗЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті жерлестер!
Менің сайлау алды Бағдарламам негізінен төмендегідей мақсаттарға бағытталады:
Ауыл шаруашылығында мал мен егін шаруашылықтарын дамыту;
Округтегі егін өсіретін шаруа қожалықтарының өнімдерін ауыл жұртшылығының күнделікті тұтынуына ықпал ету;
Ауыл тұрғындарына берілетін таза судың үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз ету;
Ақжайық ауылында көше тазалығы, көріктендіру жұмыстарын жалғастыра отырып, саябақтардың дұрыс күтілуін ұдайы бақылау, әр тұрғын үй маңының жасыл желекпен көріктендірілуі үшін жұмыстар жүргізу;
Жаңадан салынатын тұрғын үйлер үшін инфраструктуралық жұмыстарды жалғастыру;
Ауыл жастарының туған жерге деген патриоттық ойлары мен мақсаттарына қолдау жасай отырып, ауыл ішінде заманауи нысандардың бой көтеруіне ықпал ету;
Әлеуметтік осал топтар үшін түрлі қайырымдылық шараларын жүргізу;
Жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ету;
Шағын және орта бизнестің дамуы үшін жұмысссыздар санатындағы адамдарды кәсіпкерлікке тарту жұмыстары;
Құрметті сайлаушылар!
Округ әкімі болып сайланған жағдайда, барлық күш-жігерім мен көп жылғы тәжірибемді осы бағдарламаның орындалуына жұмсайтын боламын.
Қаржыландыру аудандық аумақтық сайлау комиссиясы есебінен