Махамбет ауданы Бейбарыс округі әкіміне кандидат Даулбаев Таттимбет

Даулбаев Таттимбет Урынгалиевич 1989 жылы 24 қазанда Атырау (Гурьев) облысы Махамбет ауданы Бейбарыс (Чкалов) ауылында дүниеге келген.

Ұлты қазақ. Білімі – жоғары. 2011 жылы Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің эканомика факультеті «Мемлекеттік ж ә н е ж е р г і л і к т і б а с қ а р у » мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын 2011 жылы Махамбет аудандық мәслихат аппаратының бас маманы болып бастаған.

2015 - 2019 жылдары Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппаратында бас маманы; 2019 жылдың наурыз - тамыз айлары аралығында Махамбет ауданы әкімінің көмекшісі;

2019 - 2020 жылдары Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары;

2020 - 2021 жылдары Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі;

2021 жылдың сәуір айынан бастап күні бүгінге дейін Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарып келеді. «NUR OTAN» партиясының мүшесі.

Отбасылы, үш бала тәрбиелеуде.

МАХАМБЕТ АУДАНЫ БЕЙБАРЫС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ ДАУЛБАЕВ ТАТТИМБЕТ УРЫНГАЛИЕВИЧТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті жерлестер!

Алдағы сайлауда ауылдық округ әкімі болып сайлансам халықпен тығыз байланыста болып, олардың әлеуметтік жағдайын, тұрмыс - тіршілігінің жақсара түсуі үшін бар күшжігерімді салып еңбек етемін. Бюджеттік мекемелердің қалыпты жұмыс жасауына жағдай жасау және аппарат қызметкерлерінің жұмысын тиімді ұйымдастырып, осы міндеттерді орындауға жұмылдыру деп есептеймін. Мемлекетік қызметшінің негізгі міндеті халыққа адал, мәдениетті, сауатты, сапалы қызмет көрсету екендігін ұғына отырып, жұмыста заңдылық негіздерге сай қызмет атқару басты мақсатым болмақ. Осы мақсатта төмендегі сайлауалды бағдарламамды ұсынамын:

А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектепке 120 орындық жапсырма ғимарат құрылысын салуға ықпал ету;

Талдыкөл ауылына ашық спорт алаңын салуға ықпал ету;

Жеке сектор бойынша тұрғын үй құрылысын салу мақсатында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын жүргізілуін ұйымдастыру;

Бейбарыс ауылының су бөгетіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал ету; Балаларымыздың жайлы жағдайда өсуі мен дамуы үшін жаңа балабақша ашу жұмыстарын ұйымдастыру;

Ауылдық округ көлеміндегі елді-мекендердегі жаңа салынған көшелерге инфрақұрылым жүйесін жүргізу;

Қоғамдық ұйымдардың жұмыстарын жандандырып, жастар тәрбиесіне үлкен мән беру;

Ауылдық округтегі тазалықтың, қоғамдық тәртіптің сақталуын іске асыру;

Құрметті сайлаушылар!

Ауылымызды бірге көркейтейік, тек сіздермен бірлесе жұмыс жасап, бір-бірімізді сеніммен қолдағанда ғана біз жалпы жоспарларымызбен идеяларымызды толық жүзеге асыра аламыз.

Қаржыландыру аудандық аумақтық сайлау комиссиясы есебінен

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521