Маханова Молдир Сериковна 1987 жылы 21 шілдеде Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Есбол ауылында дүниеге келген.
Ұлты - қазақ. Б і л і м і – ж о ғ а р ы . 2 0 0 9 ж ы л ы Х . Д о с м ұ х а м е д о в атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «биология» мамандығын, 2014 жылы Х.Досмұхамедов атындағы А т ы р а у м е м л е к е т т і к университетінің «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығын тәмамдаған. Алғашқы еңбек жолын 2009 жылы Ақжайық ауылының « А р а й » б а л а б а қ ш а с ы н а тәрбиеші болып жұмысын бастады. 2012 – 2018 жылдары Ақжайық ауылының «Арай» балабақшасының әдіскері; 2018-2020 жылдары аралығында «Арай» балабақшасының тәрбиешісі; 2020 жылдан күні бүгінге дейін «Арай» балабақшасының меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді. Өзін-өзі ұсынған. Отбасылы, үш бала тәрбиелеуде.
МАХАМБЕТ АУДАНЫ АҚЖАЙЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ МАХАНОВА МОЛДИР СЕРИКОВНАНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті жерлестер!
Мен Ақжайық ауылдық округі әкімі болып сайланған жағдайда, өзімнің бар білімім, тәжірибем мен күш – жүгерімді сайлаушыларымды толғандырып жүрген мәселелерді шешуге бағыттауға мүдделімін. Осыған орай, төмендегі бағдарламамды Сіздердің назарларыңызға ұсынамын:
1. Ауылымыздың әлеуметтік өмірін көркейту мақсатындағы жоспарларын жүзеге асыру;
2. Ауыл мектептеріне қолдау көрсетіп, қала мен ауыл арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту мақсатында сырттан оқып келген жастарымызды ауылымызға келіп жұмыс жасауға шақыру, насихаттау;
3. Шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету;
4. Ауылымыздың медициналық секторына қолдау көрсету мақсатында дәрі-дәрмек жеткіліктілігін, қала арасына қатынауды жеңіл және жылдам ету жоспарларын жүзеге асуына ат салысу;
5. Кез келген елдің жауы білімсіздік. Ауыл тұрғындары және жастары арасында білімділікке, салауатты өмір салтын насихаттап, спорт және білім беру саласындағы мәселелерді шешуге белсенді араласу;
6. Жастардың демалыс уақыттарын тиімді пайдалану мен әлеуметтік тұрмыс жағдайларын жақсартуға атсалысу;
7. Абаттандыру жұмыстарын қолға алу; Құрметті сайлаушылар! Округ әкімі болып сайланған жағдайда, барлық күш-жігерім мен көп жылғы тәжірибемді осы бағдарламаның орындалуына жұмсайтын боламын.
Қаржыландыру аудандық аумақтық сайлау комиссиясы есебінен