Махамбет ауданы Ақжайық ауылдық округі әкіміне кандидат Актурлан Ерманов

Ерманов Ақтурлан Ертурлиевичтің өмірбаяны:Ерманов Актурлан Ертурлиевич 1964 жылы 3 маусымда Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Сарытоғай ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ.

Білімі – жоғары. 1982 жылы Целиноград инженерлікқұрылыс институтының «сумен жабдықтау және кан а л и з а ц и я » м а м а н д ы ғ ы н тәмамдаған. Алғашқы еңбек жолын 1981 жылы Ақжайық тұқым совхозында жұмысшы болып бастады. 1983 – 1985 жылдары «Совет Армия» қатарында; 1989-1994 жылдары Ақжайық тұқым совхозында сантехник; 1994-1997 жылдары «Ақжайық» ауыл шаруашылық ұжымының мүшесі, құрылыс цехының технадзоры; 1997-2002 жылдары жеке кәсіппен айналысты; 2002 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Дастан» шаруа қожалығының өндірістік директоры болып еңбек етіп келеді. «Nur Otan» партиясының мүшесі. Отбасылы, 4 бала тәрбиелеуде.

МАХАМБЕТ АУДАНЫ АҚЖАЙЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ ЕРМАНОВ АКТУРЛАН ЕРТУРЛИЕВИЧТІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті жерлестер! Мен Ақжайық ауылдық округі әкімі болып сайланған жағдайда, өзімнің бар білімім, тәжірибем мен күш – жүгерімді сайлаушыларымды толғандырып жүрген мәселелерді шешуге бағыттауға мүдделімін.

Осыған орай, төмендегі бағдарламамды Сіздердің назарларыңызға ұсынамын:

«Есбол-Қазыбай» каналын күрделі жөндеу; Ауыл көшелерін түнгі жарықпен қамтамасыз ету;

Жазғы су жүйесін жақсарту;

Таза суды тәуліктік жүйеге түсіру;

Бала-бақшаны жаңадан салынуға жұмыстану;

Кәсіпкерлікті, фермерлік кәсіпті көбейтуге жұмыстану;

Ақжайық ауылындағы 3,8 шақырым су бөгетін күрделі жөндеу; Ауыл бюджетін көбейту үшін қосымша қаржы көздерін іздеу;

Құрметті сайлаушылар!

С і з д е р д і ң қ о л д а у л а р ы ң ы з д ы ң а р қ а с ы н д а о к р у г тұрғындарының мәселелерін бірігіп шешуге жұмыстанатын боламын.

Қаржыландыру аудандық аумақтық сайлау комиссиясы есебінен

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521