Махамбет аудандық сотында бейнеконференц байланыс арқылы кездесу өтті

Еңбек дауларын соттан тыс реттеу институттарының алдын-алу және дамыту мақсатында бейнеконференцбайланыс арқылы кездесу өтті.

Жоғарғы Сот төрағасының 25 ақпан 2020 жылғы Нұр-Сұлтан қаласында өткен хаттамасына сай, Махамбет аудандық сотының судьясы А.Ергазиева еңбек дауларын соттан тыс реттеу институттарының алдын-алу және дамыту мақсатында кәсіби медиатор Ж.Мұғауова, «Атырау облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің орынбасары Е.Ұзақбай, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі А.Хамидуллинмен бейнеконференцбайланыс арқылы кездесу өткізді.

sot280520-28

Кездесуде аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің орынбасары Е.Ұзақбай тақырып бойынша тоқталып, бүгінгі қозғалып отырған мәселенің өзектілігін айтып, еңбек дауларында медиацияның қолданылу аясын кеңейтіп, келісу комиссиясының мүшесі ретінде медиатордың қатысуын заңды түрде енгізуді ұсынды. Себебі жұмыскердің комиссия отырысында өзін еркін сезініп, медиатордың көмегіне жүгінуіне мүмкіндіктер алу; Сондай-ақ мұндай мүмкіндіктер сыбайластың алдын-алуға жағдай туғызары анық. Сонымен қатар, келіспеушілік процедураларын реттеу мақсатында еңбек даулары бойынша үгіт- насихат жұмыстарын медиатордың қатысумен дауды реттеу жөніндегі нұсқаулық енгізудің маңызды екендігін айтты.

Сонымен қатар, кәсіби медиатор Ж.Мұғауова, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі А.Хамидуллин тақырып бойынша тоқталып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Шара соңында судья А.Ергазиева еңбек дауларын соттан тыс реттеу мақсатында, медиацияны кеңінен қолданып, медиаторлардың біліктілігін арттыру бағытында бірігіп жұмыстар жүргізуге шақырды.

Аудандық соттың баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521