Атырау полицейлері айыппұлдарды төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілерді анықтау мақсатында ұйымдастырылған 25-30 мамыр аралығында "Борышкер" шарасын өткізуде. Бұл туралы Атырау полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Шара барысында Жедел басқару орталығының бейне камералары мен "Автоураган" жүйесі көмегімен қала көшелерінен 45 көлік тоқтатылды. Бұл көлік жүргізушілері 276 рет әкімшілік құқық бұзғандары (кейбіреулері жол қозғалысы ережелерін 10 -17 рет бұзған) үшін салынған 2 миллион теңгеден астам мөлшерде айыппұлдарды төлеуден жалтарып келген. Тәртіп сақшылары борышкерлердің көліктерін айыппұл тұрағына қойып, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталмыш шара басталғалы жүргізушілер тарапынан 161 құқық бұзушылық үшін 1 миллион 200 мыңнан астам теңге мөлшерінде айыппұлдар өндірілді.
Полиция Департаменті азаматтардан өздеріне салынған айыппұлдарды мерзімінде төлеп, түбіртектерді Нұрсая ы/а Әбілхайыр хан даңғылы,55 мекенжайда орналасқан "Полиция" ғимаратындағы ПД Әкімшілік полиция басқармасына тапсыруды ескертеді.
Сонымен "Борышкер" шарасы жалғасуда.