Махамбет аудандық соты "QR code"сервисін іске қосты

Атырау облысының Махамбет аудандық соты "Сандық Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру және электронды сот төрелігін одан әрі дамыту мақсатында "QR code"сервисін іске қосты.

Енді азаматтар "QR code" арқылы сот байланыстарын, қабылдау кестелерін, мемлекеттік баждың деректемелерін, қылмыстық істер бойынша айыппұлдарды төлеу деректемелерін, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі талап арыздардың үлгілерін, сот актілеріне шағымдану тәртібін, "сот кабинетіне" және т. б. арқылы білуге мүмкіндігі бар.

Ол үшін кәдімгі смартфон камерасының көмегімен пайдаланушыға штрих-кодты сканерлеу және экранда пайда болған сілтеме бойынша барлық қажетті ақпарат көрсетілетін сот бетіне өту жеткілікті.

Махамбет аудандық сот баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521