Махамбеттік асаба Жақсылық Базарбаев: «қашанда халықпен біргеміз»

Елімізде төтенше жағдайға байланысты той жасап, ас беруге уақытша тыйым салынды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында енгізілген төтенше жағдай аясында тойларға тыйым салынғаннан кейін махамбеттік асаба Жақсылық Базарбаевқа хабарласып, пікірін сұраған болатынбыз.

"Кейбір мейрамхана иелеріне тиісті орындардан жазбаша ескерту келген, кейбіріне келмеген. Өзіме осы уақытқа дейін той иелері тарапынан алдын ала қоңырау шалып, «той кейінге ығыстырылды» деген хабар айтушылар болған жоқ. Той десе қу бас домалайтыны белгілі. Ұл-қызының қуанышына алты ай бұрын дайындалатын қазақ үшін жоспарланған тойына тоқтау салу оңай шаруа емес екені белгілі. Десек те қандай жағдайда да халықпен біргеміз. Ең бастысы, тойға тыйым салынса да, елімізге ауру келіп, кеңінен тарамаса екен деп тілеймін. Алла тағала сақтансаң сақтармын деген. Қандай жағдайда да сақтанып жүргеніміз абзал. Біз қазақ қашанда шыдамды, қайсар халықпыз. Мың өліп, мың тірілген, талай тар жол тайғақ кешуді еңсерген қазақтың рухын бұл індет те түсіре алмасына сенемін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!" дейді асаба Жақсылық.

«Жайық ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT