АМӨЗ Талдыкөл ауылында эко-акция өткізді

Атырау мұнай өңдеу зауыты Талдыкөл ауылындағы Жайық өзенінің жағасында кезекті экологиялық тимбилдинг өткізді.

 Іс-шараға 200-ге жуық зауыт қызметкері мен олардың балалары қатысты.

Акцияның мақсаты – тек қала аумағындағы ғана емес, сонымен қатар шалғай елді-мекендердегі тазалықты сақтау мәселесіне қоғам назарын аудару.

 «Айналадағы тазалық үшін әрқайсымыз жауаптымыз. Зауыттықтар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларға көп жылдар бойы белсенді қатысып келеді. Көпшілігіңізде экологиялық мәдениет қалыптасып үлгерді деп ойлаймын. Мұндай іс-шараларға балаларыңызбен бірге қатысатындарыңыз ерекше қуантады. Өскелең ұрпаққа үлгі көрсетіп, тазалық пен еңбекке баулудың маңызы зор. Бүгінгідей акциялар экологияға пайдасын тигізіп қана қоймайды, сонымен қатар ұжымды біріктіріп, командалық рухты нығайтады», - деді АМӨЗ-дің бас директоры Мұрат Досмұратов.

Эко-тимбилдинг барысында 30 га аумақтан 20 текше метрге жуық қоқыс жиналып, шығарылды. Тазалау жұмыстарына 2 самосвал мен 1 жүктиегіш жұмылдырылды. 

2021 жылдан бері АМӨЗ Махамбет ауданының әкімдігімен екіжақты келісім негізінде аталмыш аумақта санитарлық тазарту шараларын өткізіп,  жиналған қоқысты уақытылы шығару жұмыстарын өз міндетіне алды.

Эко-акция табиғат аясындағы спорттық ойындармен аяқталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз