Әлеуметтік ортаға бейімдейді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегі №343 - 1 «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңдарына сәйкес Атырау облыстық әкімиятының № 229 26.11.2004 жылғы қаулысы негізінде Махамбет ауданында № 8 «Психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеті» құрылған болатын.

Содан бері Атырау облысы білім беру департаментінің №0063361 06.03.2007 жылы берілген мемлекеттік лицензиясы, Ережеге сай мекеме Жарғысымен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеттері қызметінің үлгілік қағидалары» туралы 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығына 9-қосымшаны басшылыққа алып жұмыс жасауда.№8 Махамбет аудандық «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» мемлекеттік мекемесі арнайы білім беру ұйымы, заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Кабинеттің қызметі арнайы мектепке дейінгі мекемеге бармайтын 0 жастан 18 жасқа дейінгі дамуында ауытқушылығы бар балаларға түзете қолдау көрсетуге бағытталған. Мемлекеттік мекеме Атырау облысы әкімінің 2005 жылғы 22 ақпандағы №71 қаулысымен құрылған. 2015 жылдың сәуір айынан бастап «Махамбет аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады. Коммуналдық мекеменің негізгі міндеттері баланың денсаулығы мен өмірін сақтау, баланың психикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, кешенді емдеу, түзету мен әлеуметтік бейімдеу, тәрбиелеу мен оқыту үшін қалыпты жағдай туғызу, мүмкіндігі шектеулі балаларға жеке кешенді түзете қолдау жасау болып табылады.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес баланың психикалық және дене дамуын түзету, мектепалды даярлықтың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету бағытында өзге де қызмет түрлері көрсетіледі.

Күні бүгін кабинет аудандық емхана ғимаратының 3 қатарындағы бір қанатында 210 шаршы метр көлемінде орналасып отыр. Штаттық кесте бойынша 1 меңгеруші, 1 әдіскер, 1 педагог – логопед. 1 педагог – дефектолог, 1 педагог – психолог, 1 емдік дене тәрбиесі нұсқаушысы, 1 әлеуметтік - педагог, 0,5 балалар дәрігері, 1 есепші, 1 тазалықшы жұмыс ұйымдастырылуда. Мамандарға арналған жекелеген жабдықталған кабинеттер бар. Кабинет қажетті құрал – жабдықтармен қамтылған. Әсіресе, М.Монтессори кабинетінің балалар тәрбиесіндегі ықпалы зор. Кабинеттегі жабдықтарды қолдана отырып, мамандар тіл дамыту, математикалық бейімдеу,күнделікті тұрмысқа бейімдеу бағытында жұмыс атқарады. Күні бүгін аудан бойынша барлығы 1-18 жастағы 46 бала қамтылып отыр. Балалар облыстық – психологиялық дәрігерлік педагогикалық консультация мекемесі қорытындысы мен жолдамасымен қабылданады.

Кабинеттің түзеу – дамыту процесін ұйымдастыру оқу жоспары, жылдық күнтізбелік жоспар және сабақтардың кестесі арқылы регламенттеледі. Облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңесінің жолдамасы бойынша зерттеу жұмыстарынан келіп,мамандар балаға жеке даму бағдарламасын жасайды да сабақ кестесіне кіргізіп,әр маман тақырыптық жылдық жоспар бойынша бірін-бірі толықтырып отырады. Әдістемелік кеңестер арқылы диагностикалық бағалауға дайындық жұмыстары жүргізіледі. Жылына 4 рет ата – аналарға кеңес беру, жиналыс өткізу жоспарланған. Консультациялық нысандағы жұмыстың түрлері мектептердегі психологиялық қызмет арқылы әлеуметтік қызметкерлермен байланыс арқылы жүзеге асырылады. Кабинетке қатынасатын балалардың бәрі жеке және топтық оқу түрімен, консультативтік оқыту түрімен қамтылады. Арнайы білім беру мақсаттары мен міндеттерінің ішінде әр баланың әлеуметтік ортаға бейімделуіне ерекше назар аударылады. Оның ішінде арнайы мектепке дейінгі мекемеге бармайтын 0-8 жасқа дейінгі психикалық дамуы тежелген, ақыл-ойында ақауы бар балаларды ортаға бейімдеуге баса назар аударылады. Сондықтан ең алдымен баланың мінездемесі мен психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық консультация мамандарының қорытындыларымен танысу арқылы баланың проблемасына көз жеткізіледі.Махамбет ауданы бойынша күні бүгін Атырау облыстық «Психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық консультация» есебінде 285 бала есепте тұр. Кабинеттің оқу тәрбие жұмысы арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Календарлық күндерге байланысты мамандардың басшылығымен және ата – аналардың қатысуымен көптеген тәрбие шаралары өткізіліп келеді. Қабырға газеттері шығарылып, көрмелер ұйымдастырылды. Атап айтсақ: Ұстаздар күніне «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», Тәуелсіздік күніне «Тәуелсіздік туымыз», Жаңа жыл ертеңгілігі, «Қош келдің, Наурыз» т.б тәрбие сағаттары, көрмелер ұйымдастырылып, балалардың қызығушылығын туғызып,өмірге деген құштарлығын арттырды.

Мамандар мамандығы бойынша сәйкес және жүйелі білім жетілдіру курстарынан өтіп келеді. Өзара тәжірибе алмасу мақсатында ашық сабақтар береді. Логопед маманының «Ыдыстар» тақырыбында, психолог мұғалімнің «Балалардың қарым – қатынасындағы қиындықтарды ойын арқылы түзету» атты ашық сабағы, әлеуметтік мұғалімнің «Монтессори педагогикасын пайдалану арқылы балаларды әлеуметтік бейімдеу» атты ашық сабағы, ЛФК маманының «Эстафеталық ойындар» атты ашық сабақтары өтті. Мамандардың теориялық білімдерін тереңдету мақсатында «Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысының кейбір мәселелері» тақырыбында семинар өтті. Әр айдың 1-4 аптасының 3 күні әдістемелік күн болып белгіленіп, онда мамандардың теориялық білімдерін арттыру мақсатында баяндамалар оқылып, талқыланды. Алға қарай да мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу бағытындағы жұмыстарымыз өз жалғасын табатын болады.

А.ГУБАЙДУЛЛИН, №8 Махамбет аудандық «ППТК» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521