Ұлттық ойындар ойналды

«Жауқазын» бөбекжайының «Ботақан» тобының сүйкімді сәбилері, тәрбиешілері Гүлмира Серікова, Айнұр Қайрекешова, Мереке Қойбақовалармен бірге Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін қуанышты көңіл-күймен қарсы алды.

Ұлы даланың ұлы дәстүрлері ұмытылып қалмас үшін олардың мәні мен мағынасын жас ұрпаққа бүлдіршін кезінен үйретудің маңызы зор. Осыны ескерген бөбекжай тәрбиешілері наурызға арналған тәрбие сағатында ұлттық ойындардың көбірек ойналуына басымдық берді. Тұсау кесу рәсімі өткізіліп, ата-аналар наурызкөжеден дәм татты. Шашу шашылып, тәтті бауырсақ тартылды.

Бүлдіршіндер өздерінің өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, ұлттық ойындарға белсене қатысты.

Алмаш ШАПИХОВА, ата-ана.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521