Балық аулауға рұқсат жоқ

1 сәуірден 15 маусымға дейінгі аралықта су асты балықтарының уылдырық шашу науқаны болғандықтан Жайық өзенінен және су айдындары немесе су тоғандары мен су жүйелерінен балық аулауға қатаң тыйым салынады.

Мұндай шектеулердің бәрі сайып келгенде, құрып жойылуы мүмкін, қазірдің өзінде алаңдатушылық тудырып отырған балық қорын сақтап қалуға, оны молайтуға бағытталған қатаң шаралар болып саналады.

Биыл да біздің инспекция үшін көктемгі «Бекіре - 2018» балықтардың уылдырық шашу маусымын талапқа сай өткізу болып отыр. Осы су айдындарына көктем мезгілінде өр суымен жартылай өтетін қара балықтар уылдырық шашып, жыра бойымен кері өзенге шығады. Соңынан табиғи жыра бойымен уақ шабақтар өзенге ағылады. Сондықтан жыралардың бойы бітеліп қалмауы басты назарда болуы керек. Бүгінгі күнгі жұмысымыздың бастысы балықтың ақ Жайыққа қалай құлауын қамтамасыз ету.

Бұл барлық қолда бар мүмкіндіктерді ұтымды пайдаланып, уақытпен санаспай тер төгіп жұмыс жасайтын кез. Осы ретте аудандық Ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен бірге арнайы шара жасақталып, рейдтер ұйымдастырып жатырмыз. Көктемгі Жайық өзенінің өр суының көтерілуіне орай Жайық өзені бойында қара балық және бекіре тұқымдас балықтардың өтуі, олардың уылдырық шашуына жағдай жасалып, аудан көлеміндегі су айдындарына өр суымен бірге құйылуын қадағалап, балық қорғау шарасын тиісті дәрежеде өткізеді. Баспасөз бетіне мақалалар жариялау арқылы тұрғындарға осы науқанның негізгі бағыттарын түсіндіру, мектеп оқушылары арасына барып, ұжымдар мен мекемелерге үгіт, әңгіме, пікірлесу жұмыстарын жүргіземіз.

 Нәсіпгүл БАҒЫТЖАНҚЫЗЫ, Махамбет инспекциясы бөлімінің бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521