Әлеуметтік кеселмен күрес күшейтіледі

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық заман ағынымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес, сыбайлас жемқорықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Әрине, сыбайлас жемқорлық дамушы ел үшін кері әсерін тигізетін ең үлкен індет. Айналасындағы салауатты, таза, сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке бірлесе атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі-ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір аза- маты ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройын, қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Сыбайлас жемқорлық бір күнде жойылатын, бір ғана органның немесе адамның қолынан келетін іс емес. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен бүкіл қоғам болып күресуіміз керек. Бүгінгі таңда мемлекетіміз сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуде.

Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге бағытталған заңнамалардың барына қарамастан еліміздің барлық саласында сыбайлас жемқорлықтың қаупі бар. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Әрбір қазақстандық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандайда бір құқыққа іс-әрекеттер жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігін толық білуі қажет. Тек таза және адал еңбек қана өскелең ұрпақ үшін табыстылықтың, жоғары жетістіктердің, білім мен материалдық игіліктің басты өлшеміне айналуы тиіс. Өскелең ұрпақ тәрбиесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда түбегейлі маңызды рөл атқарады. Тек ерте жастан бастап мінез-құлықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратындай етіп қалыптастыру осы әлеуметтік кесапатты жоюға мүмкіндік береді. Елбасы «Қазақстан хал- қының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Демо- кратиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жем- қорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болды» деп көрсетті. Яғни, бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі жүргізу саясаты жанданып, үнемі жалғасын табатындығын білдіреді. Сондықтан қоғам арасында кез келген орынды сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік сезімін қалыптастыру қажет.

Н.КҮЗЕМБАЕВ,

аудандық Әділет басқармасының басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521