Кодекске өзгерістер енгізілді

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес 2015 жылғы 29 қазандағы №375-V ҚРЗ ҚР Кәсіпкерлік кодексіне 24.05.2018 жылы өзгерістер енгізілді.

Заңның негізгі жаңашылдықтарының бірі-алдын ала бақылаудың енгізілуі. Кәсіпкерлік кодекс бұл бизнес пен мемлекет арасында туындайтын қарым-қатынасты, соның ішінде қоғамдық қатынастарды реттейді. Кәсіпкерлердің еркіндігін қамтамасыз ету үшін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды. Кәсіпкерлік кодексі 7 бөлім, 31 тарау және 324 баптан тұрады. Онда кәсіпкерлік бизнес субъектілері, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бизнес субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл құқықтық негіздері, мүлікке қол сұғушылық, мемлекеттік органдардың ашықтығы және ақпараттың қолжетімділігі, жеке кәсіпкерлерді әлеуметтік қорғау, коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қорғау туралы жалпы ережелер бар. Кәсіпкерлер мен мемлекеттің ара қатынасы келесі негіздер бойынша жүзеге асырылады: заң шығару, әлеуметтік жауапкершілік, мемлекеттік реттеу, кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау мүдделі тараптардың қатысу ретінде мекемелер арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік кодексте жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі түрлерін қамтиды.

Олар қаржылық және мүліктік қолдау, инфрақұрылымдылық қолдау, жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қаржы институттарын, мемлекеттік органдар жанынан жеке кәсіпкерлік проблемаларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзірлеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институттарын құруды, оны дамытуды қамтитын институционалдық қолдау және жеке кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық, оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік қолдауды қамтитын ақпараттық қолдау болып табылады. Сонымен қатар құжатта мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау функциялары қысқартылған. Ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер мерзімі 15 жұмыс күнінен аспайтын және 15 жұмыс күніне дейін ұзартылады. Ал жоспардан тыс тексерулер-10 жұмыс күнінен аспайтын және 10 жұмыс күніне дейін ұзартылатын болып қысқартылды. Сондай-ақ бұрынғы кодексте эпидемиялық маңыздылығы жоғары және орта объектілер тексерілген болса, енді тек эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілер тексерілетін болып қысқартылды. Қазіргі таңда кәсіпкерлікті қолдауда осы кодекс кәсібін жаңадан бастаған іс иелеріне зор қолдау болмақ. Кәсіпкерлік кодекс туралы толығырақ ақпарат алу үшін аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында танысуға және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде қолжетімді екендігін қаперлеріңізге береді.

Г.ШАКИМОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521