Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев коронавирус жұқтырған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен байланыста болғаннан кейін оқшауланды.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев коронавирус жұқтырған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен байланыста болғаннан кейін оқшауланды.
«Министр қазір оқшауланды. Ол коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынас жасаған ретінде оқшауланды. Елжан Біртановпен ұшақта бірге келді. Таңертең аппарат кеңесі және барлық шара жоспарға сәйкес өтіп жатыр.Министр бәрін үйден өткізіп жатыр», – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз хатшысы Самал Ибраева.
Оның айтуынша, Мырзағалиевтің коронавирусты анықтауға тапсырған тесті теріс болған.
«Апта соңында тағы тест тапсырады", – деді ол.
Еске салайық, 14 маусымда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Қазір оның жағдайы орташа деп бағаланып отыр.
Сондай-ақ Мәскеуде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараларға қатысуға байланысты қорғаныс министрі, генерел-лейтенант Нұрлан Ермекбаев 2020 жылдың 11 маусымынан бастап өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті.
Дереккөз: aikyn.kz