Анасына дөрекі сөз айтып, жанұя тыныштығын бұзған

Бұл туралы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

Махамбет ауданының тұрғыны М.Ж мас күйінде өз үйінде анасына былапыт сөздер айтып, өзінің іс-әрекетімен отбасылық қарым-қатынаста тұратын азаматтарға сыйламаушылық білдіріп, олардың тыныштығын бұзған.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының 1-бөлігінде (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) азамат М.Ж-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Істі қарау кезінде азамат өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекетін енді қайталамайтынын, анасы Т-мен татуласқанын айтады. Жәбірленуші Т-дан баласына кешірім беретінін,әкімшілік істі тоқтатуды сұрағаны туралы өтініш түскен.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес қозғалған әкімшілік іс бойынша анасы баласына кешірім беріп, татуласуына байланысты тоқтатылды.

«Жайық-Ақпарат»

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT