Бұл туралы Атырау облысы ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы хабарлайды.
3 күн өткен соң 2020 жылдың 16 маусымында сағат 07:15-те Атырау қаласы Геолог ауылында Жайық өзенінен Атырау облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының 3 қызметкері мен 1 жүзу құралының күшімен 1993 жылы туылған жас жігіттің денесі судан шығарылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 13 маусымында, куәгерлердің айтуынша, жігіт достарымен демалыста болған және шамамен 17:10-да арнайы жабдықталмаған жерде суға шомылу кезінде батып кеткен.
Сурет:дереккөз