Кооператив көбейсе, ел жұмыссыз болмайды

Жолдауларында ауылшаруашылығын әртараптандырып, 2021 жылға қарай азық-түлік тауары экспортын 40%-ға көбейтуді тапсырған болатын. Осыған орай агроөнеркәсіп кешенін дамытып, халықты жұмыспен қамтамасыз ету ауылдық округтің негізгі басымдықтарының бірі, -деді тұрғындар алдында есеп берген Ақжайық ауылдық округінің әкімі С.Жұмағалиев.

Оның айтуынша, жыл ішінде жеке тұрғындармен қатар, «Дастан», «Ещанова Г», «Жұмағалиева Қ» шаруа қожалықтары 155,5 гектарға егін өнімдерін еккен. Оның ішінде, картоп-42 га, көкөніс-40,5 га, бақша-48 га, жоңышқа-7 га. Одан барлығы картоп-8820 цн, көкөніс-20400 цн, бақша-9600 цн, жоңышқа-800 тн, 2946 цн табиғи шөп, барлығы 38820 тонна егін өнімдері жиналған. 500 бас ірі қара, 1500 бас қой- ешкі, 100 бас түйе сырғаланып, 20 бас жылқы таңбаланып, малдарды егу жоспары 100 пайызға орындалған. Мәдениет саласы кейінгі уақытта ауқымды жұмыс жасап келеді. Барлық бөлмелері талапқа сай жабдықталған. Мекеме ішіне, ауласына ауыз су және жазғы су жүйелері жүргізілген. Екінші қабатынан «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымына кабинет беріліп, оған дөңгелек үстелдер, кездесулер, жастардың басқосуы ұйымдастырылып отырады. Би, ересектер және балалар драмасы, вокал, домбыра үйірмелері, аналардың «Ақ босаға» клубы жұмыс жасайды. Аудан, облыс көлеміндегі мәдени шаралармен қатар, республикадан Алматы, Астанадан келген өнер ұжымдары концерттік бағдарламалар көрсетіп, халықтың алғысына бөленуде. 2017 жылы мәдениет үйіне 7,0 млн. теңгеге «Ледэкран» алынды. Қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 32 адам тұр. Ауылдың бас жоспары бойынша кәсіпкерлік нысандар салынатын жерлер дүкен, спорт кешені, тұрғын үйлер ауылдың бағыты болашақта қалай салынып өзгереді, осының бәрі анықталып, сондықтан сол жерлерге газ, су, жарық жүйесін тарту үшін картасы белгіленіп, инфрақұрылым жүргізуге сметалық жобасы жасақталады.

Округте барлық тұрғындар газбен, таза ауыз суымен толықтай қамтылған. Таза ауыз су графикпен берілуде. 2015 жылдан бері жазғы су жүйесі жұмыс жасайды. Құмшығанақ каналы тұрақты жайылымдық жерлерге су шығарып, халықтың мұқтаждығын орындап отыр. Жұбанов Алпамыстың сенімгерлігіндегі Таза су қондырғысына тікелей Егізкөл учаскесінен 43 шақырымдық электр желісі тартылды. Сондай-ақ ауылдың барлық үйлері телефон нүктелерімен қамтылған. Өңірлерді дамыту мақсатында 2 балалардың ойын алаңы салынды. Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында салынған демалыс саябағын абаттандыру үшін ағаш отырғызылып, су жіберіліп, күтімге алынды. ҰОС оралмағандар ескерткішіне де бұрынғы ағаштары кесіліп, жаңадан ағаштар отырғызылып, бапталып-күтілуде. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Елбасымыздың алға қойып отырған талабына сәйкес, шағын және орта бизнес нысандарын, халықтың қажетін өтейтін кәсіпкерлік бағытындағы жұмыстарды қолға алу көзделіп отыр. Үкіметтен несие алып, сол арқылы жұмыссыздықты жою біздің және еліміздің басты міндеті болып табылады. 2017 жылы «Бастау бизнес» бағдарламасымен оқып, 2 адам 6,1 млн. теңге несие алып, біреуі аралас дүкен ашса, екіншісі, жылқы малын көбейту үшін жұмыстануда.

Байланыс бөлімшесіне компьютер әкелініп, интернет байланысы орнатылды. Халықтың қажеттілігін өтеу мақсатында ұялы байланыстарды терминал арқылы салдырып, несиелерді төлеуге, қызметкерлердің жалақыларын, зейнетақыны, басқа да төлемдерді банкомат арқылы төлеу жүйесі жүзеге асып, жұмыс жасалуда. Биылғы жылға баспасөзге жазылу мәселесі де үлкен жауапкершілікпен жүзеге асып, жоспар 100 пайызға орындалды. «Дастан» шаруашылығы 22 мың теңгеге тұрғындардың «Жайық шұғыласы» газетіне жазылуына демеушілік көмек көрсетті. Жеке кәсіпкер М.Абилов та төрт адамды баспасөзге жаздырды. Жарыссөзге шығып, сөйлеушілер ауылдарының салыстырмалы түрде алғанда өзгелерден көш ілгері екендігін айтып, шүкіршілік жасады. Инфрақұрылым, басқа да тіршілікке қажеттінің бәрі бар. Алайда, ауыл іргесімен өтетін Атырау-Индер бағытындағы тас жолда жоғары жылдамдықпен жүйткіген көліктердің малды қағып кетуі жиілеп тұр. Ауыл ішіндегі көшелер де тар, соған жасанды жылдамдық тежегіш қойылса деген ұсыныстар айтылды. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі С.Рысқалиев рухани жаңғыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру туралы ойларын ортаға салды. Өйткені, хан сарайындай мәдениет үйі қаңырап бос тұр. Балалар кітап оқымайды. Сонда бұл ғимаратты кім үшін салдық?

Кітапханаға оқырман тарту үшін планшет сатып алуға қаржы қаралғандығын қаперге берді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытып, өндірістік кооперативтер құру жөнінде қозғау салды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521