Астанада тұрып, Алмалыдан жер алыпты

- Ауылдық округ бойынша 143 шаруа қожалығы тіркелген. Күні бүгін оның 45-і жұмыс жасап тұрса, қалғандары жер учаскелерін мақсатты пайдаланбай отыр. Аудандық жер қатынастары бөлімімен бірлескен тексеру жұмыстары ұйымдастырылып, актілер жасақталып, жер инспекциясына жолданды, - деді тұрғындар алдында есеп берген Алмалы ауылдық округінің әкімі Қ.Қойшығали.

2017 жылы округ аумағындағы шаруа қожалықтары 311 тн картоп, 1448 тн көкөніс, 842 тн.бақша өнімдерін өндірді. Мал шаруашылығымен 20 шаруашылық айналысады. Оларда 282 бас МІҚ, 166 бас қой-ешкі, 190 бас жылқы, 55 бас түйе, 324 мың құс, 235 бас шошқа тіркелген. Жыл басынан бері 110 ресми жұмыссыз тіркеліп, оның ішінде 20-ы маусымдық, 33-сі тұрақты жұмысқа орналасты. Күні бүгін округ бойынша жұмыссыз ретінде ресми тіркелгендер саны 50-ді құрап отыр. Жұмыссыздық деңгейі 1,8%. Жалпы ауылдық округ бойынша жыл ішінде 114 мүмкіндігі шектеулі адамдар тіркелген. Мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасына сәйкес көмекші және гигиеналық құралдар, сауықтыру шаралары алынуда. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың 16-сы жұмыспен қамтылған. Жыл ішінде округ территориясына қарасты мекемелердің демеушілігімен мүгедектерге, аз қамтылған отбасыларына 1 087мың теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған» бағдарламасының 1-бағыты бойынша 17 жұмыссыз бағдарлама шеңберінде қысқа мерзімді оқу курсынан өтті. Жыл ішінде « Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша округтен 14 жұмыссыз оқыды.

Оқу бітіріп, өз жобаларын қорғағандар жұмыстарын бастау үшін жеңілтілген несиелер алды. Жас түлектерді жастар тәжірибесіне орналастыру мақсатында 3 жас түлек жастар тәжірибесінен өтті. Жыл ішінде 2 әлеуметтік жұмыс орны ашылып, «Мереке» ЖК - 1, «Бисенбиев» ЖК -1 жұмыссызды тұрақты жұмысқа орналастырды. Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай шеңбері бағыты бойынша ауыл тұрғыны Хайруллина Райхан 711 мың теңге мемлекеттік грант ұтып алып, емхана жанынан массаж кабинетін ашып, халыққа қызмет етуде. Алмалы ауылдық округі бойынша 2 учаскелік полиция, 2 көмекшісі, 1 ювеналды полиция инспекторы қызмет атқарады. Есепті мерзім ішінде әртүрлі құқық бұзушылықтар жасаған 320 әкімшілік хаттама толтырылып, оның ішінде 70 адамға ескерту, 250 адамға әртүрлі мөлшерде айыппұл салынды. 34 адамның іс қағаздары аудандық сотқа жіберілді. Әкімшілік қадағалау ықпалына жататындар есебінде 2 адам және 38 қару иелері бар. Тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу туралы заңын басшылыққа алып, отбасы тұрмыстық қарым – қатынастар саласында қылмыс және әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында 25 азаматқа қорғау нұсқамасы беріліп, полиция бөлімінің профилактикалық есебіне алынды. 2017 округ бойынша 56 қылмыстық оқиға тіркеліп, оның ішінде 24 қылмыс ашылды.

Тұрғындар сауалын тыңдап болғаннан кейін қорытынды сөз алған аудан басшысы Сырым Мұратұлы жазғы, қысқы сумен қамтуда проблема болмайды, оны өз бақылауыма аламын деді. Бірақ су ақысымен тұрақты есептесу керек. Ол үшін су пайдаланушы мен су беруші арасында келісім шарт жасақталуы тиіс. Ауылды абаттандыру мәселесі күн тәртібінен түспейді. Рұқсат етілмеген жерге қоқыс төккен, басқа да санитарлық-тазалық талаптарын орындамағандарға заң жүзінде айыппұл салып, есімдерін газетке жариялау керек. Сондай-ақ, аудан басшысы Алмалы округі аумағынан жер алғандардың бір шеті Астана, Қостанай, Павлодар облыстарынан шығып жатқанына қынжылыс білдірді. Пайдаланылмаған жерді кері қайтару мақсатында табанды күрес жүргізетінін жеткізді.

 

Н.ҒАЛИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521