Конституцияға өзгерістер енгізіледі

СУПЕРПРЕЗИДЕНТТІК БАСҚАРУ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖОЙЫЛАДЫ

Айтылған бастамалардың көпшілігі Ата Заңда бекітілген қоғам мен мемлекеттің негіздерін қозғайды. Осы мақсатта құрылған арнайы жұмыс тобы Конституцияға түзетулердің жобасын ұсынды. Арнайы жұмыс тобына мемлекеттік ор- гандармен қатар үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және еліміздегі танымал заңгер ғалымдар қатысқан. Саяси реформаларды жүзеге асыру аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің өкілеттігін қайта қараудың маңызды екеніне тоқталып, бұл ретте суперпрезиденттік жүйеден мықты Парламенті бар президенттік республикаға көшу мәселесіне назар аударған еді.

– Заң жобасында қазіргі таңда елімізде қалып- тасқан «суперпрезиденттік» басқару нысанын одан әрі жетілдіру көзделген. Бұл мақсатта Мем- лекет басшысы өзінің бірқатар өкілеттігін басқа органдарғабередінемесеоларменкелісеотырып атқарады. Бұл – елімізде соңғы кезде жүргізіліп жатқан «орталықсыздандыру» процесінің жалғасы. 2017 жылы елімізде болған үш конституциялық реформаның нәтижесінде Мемлекет басшысы өзінің бірқатар өкілеттігін Парламент пен Үкіметке берген болатын,-деді арнайы жұмыс тобының мүшесі, Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов.

Сондай-ақ, заңнамадағы өзгерістерде Парламент пен жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейту көзделіп отыр. Халықтың сенім мандатына ие болған, жоғары жауапкершілік жүктелген депу- таттар мемлекетімізді өркендету ісіне белсене ат- салысуы қажет болады.

– Палаталардың жасақтау тәртібі мен олардың функцияларында елеулі өзгерістер бар. Президенттің Сенаттағы квотасы 15-тен 10-ға дейін қысқартылып, оның 5-еуін Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынатын болады. Мәжіліс сайлау- ында аралас сайлау жүйесі енгізіледі. Мәжілістің 30 пайыз депутаттары бір мандатты аумақтық сай- лау округтері бойынша сайланады, сондай-ақ сай- лауалды уәдесін орындамаған депутаттарды сай- лаушылар кері қайтаруға мүмкіндік алады, - деді Б.Нұрмұханов.

Аппарат жетекшісі заң шығару процесін жаңғыртуға арналған бірқатар өзгерістер жасалғанын атап өтті. Өкілді билік тармағын өзгерту жөніндегі бұл жаңашылдықтардың бәрі парламенттік мәдениеті жоғары және ықпалды халық қалаулылары бар жаңа Қазақстанды құруға бағытталған.

– Заң қабылдау құқығы негізінен Мәжіліске тиесілі болады. Сенатқа Мәжіліс қабылдаған заңдарды мақұлдау немесе мақұлдамау құқығы беріледі. Реттейтін мәселелердің маңыздылығын ескере отырып, конституциялық заңдарды палаталардың бірлескен отырысында қабылдау қолдау тапты. Үкіметке адам өмірі мен денсаулығына мемлекеттің қауіпсіздігіне басқа да құндылықтарға айрықша қауіп төнген жағдайда заң күші бар нормативтік-құқықтық актілер қабылдауға құқық берілді, -деді ол.

АЗАМАТТАР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТҚА ТІКЕЛЕЙ ЖҮГІНЕ АЛАДЫ

«Қазақстандағы түрлі құқық нормаларын

Конституциялық кеңес түсіндіреді. Бірақ, аза- маттар осындай түсініктеме алу үшін бұл органға тікелей жүгіне алмайды. Көптеген мемлекетте Конституциялық сот институты бар. Оған кез- келген адам өзінің сауалын жолдай алады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мұндай орган Қазақстанда болған. Сарапшылар Ата Заң ережелерінің мүлтіксіз сақталуын осы ме- кеме тиімді қамтамасыз етеді деп санайды. Соны ескере отырып, мен елімізде Конституциялық сот құруды ұсынамын»,-деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде саяси бағытты айқындайды.

Осы уақытқа дейін әділет іздеп шырылдаған әрбір жан конституциялық кеңеске жүгінгенмен, бару-бармауын судьялар шешіп келді. Бұл тәртіп өзінің тиімсіздігін көрсеткен еді. Ендігі кезекте халық конституциялық сотқа тікелей жүгіне алады. Осылайша конституциялық сот азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау тетігіне айналмақ. Бұл мүмкіндіктер Бас прокурор мен омбудсманға да беріліп отыр. Бұл инсти- туттар өздерінің өкілеттіліктерін атқару кезінде адам құқықтарына нұқсан келтіретін заңнаманың кемшіліктерімен және олқылықтарымен жиі кездесіп келді. Сондықтан конституциялық сот арқылы оларды жою мүмкіндігі туындайды.

Төртеуін Президент тағайындаса, қалған алтауын Парламенттің қос палатасы таңдайды. Аталған органның төрағасын Сенаттың келісімімен Президент бекітеді. Омбудсменге, яғни адам құқығы жөніндегі уәкілге қатысты да оң өзгеріс бар. Олар енді мемлекеттік орган мен лауазымды тұлғалар алдында есеп бермейді.

– Осы ретте депутаттар алдында ауқымды жұмыс тұр. Сондықтан Жолдауда айтылған және біздің конституциялық реформа жөніндегі топтың көтерген мәселелер заңда сауатты көрініс тауып, билік пен халық арасындағы, барлық кедергілер кемісе деген тілек бар. Себебі Конституция жалпы саяси бағытты айқындайды. Ал нақты нормаларды бекіту енгізілетін заң аясында жүргізіледі,- деді ар- найы жұмыс тобының мүшесі, заң ғылымдарының докторы Индира Әубәкірова

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ПАРТИЯ ҚАТАРЫНАН ШЫҚТЫ

Жолдауда Мемлекет басшысының өз өкілеттігі кезінде партияға мүше болуын тоқтату міндетін заңнамалық тұрғыдан ресімдеуді, әкімдер мен олардың орынбасарларының партия филиалдарындағы қызметіне тыйым салуды ұсынды. «Президентті тым көп өкілеттігінен ай- ыру еліміздегі саяси жаңғыру үдерісінің тек ілгері басуынқамтамасызетеді.Ұсынылыпотырған бастамалар «ойын ережесін» түбегейлі өзгертіп, қоғамды одан әрі демократияландыру үшін берік негіз қалыптастырады»,- деген Қасым-Жомарт Кемелұлы партия атқарушы билікке тәуелді бол- маса, оған халықтың сенімі нығайып, беделі артатындығына сенімді.

Саяси реформалардың ауқымды бағдарламасын ұсынған Мемлекет басшысы Жолдауда айтқан сөздерді іс жүзінде асыруға кірісті. «AMANAT» партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезіне қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев партия қатарынан шығуға шешім қабылдады.

– Бүгіннен бастап «AMANAT» партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символдық мәні бар. Осы орайда Президент сай- лауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды айтқым келеді. Сондай-ақ жауапты сәтте партия тізгінін сеніп тапсырғандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін,- деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Президенттің жақын туыстарына қатысты норманы конституциялық тұрғыдан бекіту қажеттігін айтқан-ды. Осы орайда еліміздің Конституциясына өзгеріс енгізіліп, Президенттің жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметші және квазимемлекеттік секторда басшы лауазым- дарын иеленуіне заңнамалық тұрғыдан тыйым са- лынады. Заң күшіне енгеннен кейін Президент ту- ыстары лауазымын босатады.

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АЙТҚАНДАЙ, КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫҢ МАҚСАТЫ – ЕЛІМІЗДІ САЯСИ ТҰРҒЫДАН ОДАН ӘРІ ЖАН-ЖАҚТЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫН ҚАЛАУ. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХЫНДАҒЫ ЖАҢА БЕ- ЛЕС. МҰНЫҢ БӘРІ УАҚЫТ ТАЛАБЫНАН ЖӘНЕ ҚОҒАМ СҰРАНЫСЫНАН ТУЫНДАП ОТЫР. ОНЫҢ ҚАБЫЛДАНУЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТТАРДЫ ҚҰРУДЫҢ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ МҮЛДЕ ЖАҢА ҮЛГІСІН – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУҒА МҮМКІНДІК БЕРМЕК.

Қазбек АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT