Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елімізде Конституцияға өзгертулер мен толықтыруылар енгізу жөніндегі референдум өткізуді ұсынып отыр.
Бұл дәл қазіргі жағдайда халық пен мемлекет арасында айрықша байланыс, сенім орнату үшін жасалып отырған ең оңтайлы шешім деп бағалаймын. Әсіресе, мемлекет басшысы «Тіл патрульдерінің» әрекеті Қазақстанның ұлттың бірлігіне нұқсан келтіруге бағытталған арандатушылық екенін атап өтті.
Конституцияның 33 бабына 56 толықтыру енгізу жоспарланған екен. Соның ішінде тіл тағдыры, қазақ тілінің мәртебесі қайта қаралады деп сенеміз. Себебі, өскелең жас ұрпақтың өзге тілдерге бет бұрып, кішкентай күнінен ана тілін өз тіліндей ұғынып өспеуі тіл маманы ретінде мені қатты алаңдатады. Оның үстіне елімізде тату-тәтті өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың арасына Президент айтқайндай «арнайы қызметтер тапсырмасы бойынша жұмыс істейтін кәсіби арандатушылардың» кесірінен сызат түспесе екен дейміз.
Жумабаева.М
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі