НАУРЫЗ АЙЫНДА ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА КЕЗЕКТІ ЖОЛДАУЫН ЖОЛДАҒАН ЕДІ.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ОНДА ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ НАҚТЫ ТОҚТАЛЫП, ӨТКЕН ҚАҢТАР ҚАСІРЕТІ ТУРАЛЫ ДА АЙТТЫ. ОЛ ТЕРГЕУ БАРЫСЫ ҚАДАҒАЛАНЫП ОТЫРАТЫНЫН, КІНӘЛІЛЕРДІҢ БӘРІ ЖАЗАЛАНА- ТЫНЫН ЕСКЕРТТІ. ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» ЖОЛДАУЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАРҒА ТОЛЫ БОЛДЫ. ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРІП, ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ ЖҮЙЕДЕГІ ЖАҢА РЕФОРМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ
ЖОЛ АШЫП, ДАМУ ЖОЛДАРЫН АНЫҚТАДЫ.
БАҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ ҚАЙТА ҚАРАУДЫ ҚОЛДАЙМЫН
Мемлекет басшысы алдымызда тұрған ең маңызды мақсат – Қазақстанның тәуелсіздігін сақтап, халықтың әлеуметтік деңгейін көтеру екенін атап өтті. «Бізге Қазақстан дамуының саяси моделін қайта құру бойынша сындарлы қадамдар қажет. Мұнда ең алдымен суперпрезиденттік басқарудан күшті парламенті бар президенттік республикаға түпкілікті көшу туралы айтылып отыр», - деді Президент Қ.Тоқаев
Жаңа заман талабына сай Президенттің өкілеттігін біртіндеп қысқарта оты- рып, Парламенттің рөлін айтарлықтай арттыру, сол арқылы мемлекетіміздің институционалдық тұғырын нығайту, халықтың сеніміне ие болған депутаттарға жоғары жауапкершілік жүктеледі. Бұдан бөлек Қ.Тоқаев Президенттің партия мүшелігін тоқтату мандатын заңнамалық тұрғыдан рәсімдеуді ұсынды. Бұдан былай Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметшілік және басшылық лауазымдарға орналасуына заңнамалық тыйым салынады.
Жолдауда Мемлекет басшысы БАҚ- тың бәсекеге қабілетін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыру жөніндегі айтқаны мені қатты қуантты. Жасыратыны жоқ, елу жыл жол- дас болған, адал дос «Атырау» газетінде он бес жылдай бас редактор болған Құмар Кенжеғалиев, түйдей құрдас, бірнеше жыл «Жайық шұғыласы» газетінің бас редак- торы болған Қырықбай Бекбаевтар еріксіз есіме түсіп отыр.
«Кез келген дамыған қоғам тәжірибесімен белгілі. БАҚеркіндігінсізешмемлекеталға жылжи алмайды. Президентосыныерекше саяси кеңістікті дамыту үдерісін едәуір жандандырады. Өз сайлаушыларының қордаланған проблемаларын сауатты жеткізіп, тиімді қабілетті жаңа партиялар пайда болады.
Жолдауда Қазақстанда партиялық жаңа жүйені қалыптастыру қажеттігіне баса на- зар аударылды. Президенттің пікірінше халықаралық жүйені біртіндеп енгізу керек. Мәселен, енді жаңа партияларды тіркеу атап өтті. бәсекеге қабілетті, еркін болуы керек. Отандық ақпарат құралдарының елімізде, өңірде, әлемде болып жатқан үдерістер ту- ралы өз көзқарасы болуы тиіс. Журнали- стер өз еліне, азаматтарына шынайы жана- шыр болуға тиіс. Сондықтан мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұранысын және медиасаланың даму үрдісін ескере оты- рып, БАҚ туралы заңды қайта қарау ке- рек»,- деген еді Президент. Өз басым Президенттің, мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұранысын және медиасаланың даму үрдісін ескере отырып, БАҚ туралы заңды қайта қарау керек деген ұсынысын толық қолдаймын.
САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫС ТӘСІЛІН ӨЗГЕРТУ КЕРЕК
Мемлекет басшысының Жолдауы жалпы ел тұтастығы мен болашағына арналған. Ең бірінші қорытынды Қаңтар оқиғасына баға берілді. Бұл тақырыпқа Президент 20 минутын арнады. «Басты нәтиже – біз Тәуелсіздігімізді сақтап қалдық», - деді ол өз сөзінде. ЕндіжаңаҚазақстанқұруміндеті тұр. Мемлекеттік мүдде басты орында бо- луы керек. Ал екінші маңызды қорытынды – Қазақстанда жаңа саяси мәдениет қалыптастыру.
Жаңа Қазақстанды құру ісі адал әрі еркін саяси бәсеке болуын қамтамасыз етуден бастау алады. Осыған байланысты біз партияларды институционалдық және ұйымдастырушылық жағынан дамытуға барынша жағдай жасауымыз керек. Пар- тияларды тіркеу рәсімі едәуір жеңілдейді. Тіркеу шегін төрт есеге 20 мыңнан 5 мың адамға азайтқан жөн. Өңірлердегі өкілдер саны600-ден200адамғатөмендетіледі. Пар- тия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең төменгі саны үштен бірге яғни мыңнанжетіжүзадамғаазаяды. Сондай-ақ құрылтай съезін өткізуге және филиал- дарды құруға берілетін уақыт көбейеді. Бұлмәселелерді либералдандыруеліміздегі
Бұқаралық ақпарат құралдары үшін 5000 адамның дауысы жеткілікті. Президент еліміздегі сайлау жүйесін жетілдіру қажеттігіне тоқталды. Жалпы жаңғырудың мақсаты – азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру. Мемлекет басшысы алдағы уақытта аралас сайлау жүйесіне көшуді ұсынды.
– Пропорционалды-мажоритарлы сайлаушылар мүддесі ұлттық және өңірлік деңгейде толық көрініс табады. Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық тәсілмен жасақталатын болады. Бұдан былай мажоритарлық жүйе бойынша әрбір аймақ Парламенттің төменгі палатасына өзінің кемінде бір депу- татын сайлай алады. Жаңа үлгі көзқарасы әртүрлі азаматтардың Мәжіліске келуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ аудандар мен қалалардағы сайлау толығымен мажоритарлық жүйеге көшіріледі. Бұл жүйе жергілікті жерде бәсекелі саяси орта қалыптастырады. Пропорционалды және мажоритарлы жүйе қатар қолданылса, саяси партиялардың рөлі сақталады.
Олар еліміздегі азаматтық қоғамның басты институттарының бірі ретінде қала береді. Сонымен бірге бұл жүйе сайла- уды әділ өткізуге және мемлекетті тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Көптеген ел- дер дауыс берусіз баламалы түрлерін пай- даланып жатыр. Сондықтан әлемдегі үздік тәжірибелерді зерттеп, қажет болса, оны біртіндеп енгізген жөн,- деді Президент.
Бір сөзінде Мемлекет басшысы байқаушылардың қызметін заңмен рет- теу керектігін, олардың құқықтары мен жауапкершілігі нақты белгіленуі тиіс екендігін айтты. Сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде аумақтық сайлау ко- миссиялары да маңызды рөл атқарады. Енді аумақтық сайлау комиссияларының жұмыс тәсілін қайта қараған жөн. Олар бұл іспен кәсіби түрде айналысуы қажет. Біз бір азаматтың екі рет дауыс беруін болдырмауға тиіспіз. Сондай-ақ азаматта- рымыз кез келген учаскіде дауыс бере алуы керек. Конституция және халықаралық құқық бойынша Қазақстандағы кез кел- ген сайлауға ешкімнің араласуға хақы жоқ. Ең алдымен кандидаттардан ба- стап байқаушылар мен БАҚ-на дейін сай- лау науқанына қатысушылардың бәріне қаржылық қызметі барынша ашық болуын қамтамасыз етуіміз керек.
ДІНМҰХАММЕД ҚОНАЕВПЕН ЕКІ РЕТ ЖҮЗДЕСКЕНМІН
«Азаматтардың көптеген ұсыныстарын ескеріп, менің тапсырмам бойынша зерделеніп, халықтың қалауын ескеріп, мен бүгін бірқатар бастамалар көтергелі отыр- мын», - деді Президент. «Семей аймағында Абай облысының орталығын Семей қаласы, бұрынғы Жезқазған облысының аймағында Ұлытау облысын құру, орталығы – Жезқазған қаласы. Үшінші Алматы облысын екіге бөліп, Жетісу облысын құрып, орталығы – Қапшағай қаласы бо- лады. Жұртшылықтың сұрауы бойынша Қапшағай қаласына ұлтымыздың біртуар перзенті Дінмұхаммед Қонаевтың есімін беріп, облыс орталығы – Д.Қонаев қаласы болады,-деді Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз Жолдауында.
Енді мен сол Д.Қонаев туралы аз-кем тоқтала кетейін. Үш дүркін Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанды отыз жыл басқарған Д.Қонаевпен мен екі рет кез- дескен жанмын. Бірінші рет 1970 жылы 15 мамырда Алматыда кеңшар директорлығы жұмысына баратын болып, Орталық партия комитетінің бюро мәжілісінде кездестім. Сол бюро мәжілісінде мен Бақсай кеңшар директоры қызметіне бекітілген едім. Ал екінші рет 1970 жылы 25 маусымда Бақсай кеңшары директоры болып жүрген кезімде Д.Қонаев облыс бас- шылары – С.Мұқашев, О.Көшеков, ауыл шаруашылығы министрі М.И.Рогинецпен бірге облыс, аудан шаруашылықтарын аралады. Ол кісі іссапармен біздің аудандағы Бақсай кеңшарында да болды. Жұмыс соңынан Д.Қонаев үйімізге келіп, дастар- ханымыздан дәм татып, құрметті мейма- нымыз болды, отбасымызға өз батасын бергені әлі есімде.
Қорыта айтқанда, бұл Жолдау көптің көңілінен шықты деп ойлаймын. Өйткені, осы уақытқа дейін өзгеріс керек екенін әркім сезіп-ақ жүрді. Президентіміз соның нақты бағытын көрсетті. Өзгерісті неден бастау керектігін саралады. Тәуелсіздігімізден артық байлық жоқ екенін айрықша атап көрсетті. Түсінген адамға бұл Жолдау халқымызға ең жақын Жолдау болды деген ойдамын. Ме- жеге жету үшін тың өзгерісті әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек. Өйткені, әрбір адам тіпті бүкіл қоғам жаңғыруы қажет. Бұл қазіргі заманда қойылып отырған нақты талап.
Мәндірғали ОРАЗҒАЛИҰЛЫ, Махамбет ауданының Құрметті азаматы