Халық жаппай тұтынатын тауарлар бағасы шектен аспауы тиіс

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясын құру идеясы Елбасының 2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауында алғаш рет айтылды. Жолдауда ӘКК өзіндік бір өңірлік даму институтына айналуға тиіс, оның еліміздің тиісті өңіріндегі мемлекеттік активтерді басқаратын холдинг компаниясы ретінде жұмыс істеуі мүмкін делінді.

Атырау облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында өңірлерде құрылған Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы - Атырауда 10 жыл бойы жұмыс істеуде және компанияның басым бағыттарының бірі аграрлық секторды дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу болып табылады. Аталмыш бағыттар бүгінде тұрақтандыру қорымен белсенді қызмет атқарылуда.

Өздеріңіз білетіндей, коронавирус пандемиясына (COVID-19) байланысты ҚР Мемлекет басшысының бұйрығына сәйкес Төтенше жағдай режимін Алматы,Нұр-Сұлтан қалаларында және ҚР облыстарында, соның ішінде Атырау облысында карантин енгізілген болатын. Осыған орай, облыстарда тұрақтандыру қорын толықтыру бойынша жүйелі жұмыстар атқару тапсырылды.

Президент өз сөзінде "Біздің басты міндетіміз - азаматтарды азық-түлікпен және бірінші кезекте қажетті тауарлармен үздіксіз қамтамасыз ету. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, ҚР Президенті Қ. Қ. Тоқаев нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету және олардың бағасының өсуіне жол бермеу бойынша жедел әрекет ету шараларын қабылдауды тапсырды.

Осыған байланысты, "Атырау-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі қызметкерлері мен Арнайы мониторингтік топ мүшелері базарлардағы баға жағдайына бақылау жүргізіп, оның қорытындысы бойынша Атырау облысының аумағында және ҚР барлық облыстар негізгі азық-түлік өнімдері мен халық тұтынатын тауарлар бағасының күрт өскендігі анықтады.

Мониторинг барысында әлеуметтік маңызы бар тауарларды сататын сауда орындарындағы бөлшек және көтерме бағаларына қоғамдық бақылау жүргізілді.

Анықтама: ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы №137 қаулысына сәйкес әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесіне 19 азық-түліктің атауы кіреді, атап айтқанда: 1-сұрыпты бидай ұны, 1-сұрыпты ұннан (формалық) бидай наны, рожки, қарақұмық жармасы, ажарланған күріш, картоп, асхана сәбіз, пияз, ақ қауданды қырыққабат, қант, күнбағыс майы, сиыр еті (сүйектері бар жауырын-кеуде бөлігі), тауық еті (самырсын және оған жапсарлас жұмсағы бар Берц сүйегі), пастерленген сүт 2,5% майлылығы жұмсақ орамада, 2,5% майлылығы жұмсақ орамада, сары май (тұздалмаған, толтырғыштарсыз және өсімдік майларынсыз 72,5% кем емес), 1-ші санатты тауық жұмыртқасы, ас тұзы (Экстрадан басқа), майлылығы 5-9% сүзбе.

Қоғамдық бақылау кезінде картоп – бөлшек сауадада 170 теңгеден , ал көтерме саудамен 115 теңгеден сатылып, бағаның артуы анықталды. Ал, 2020 жылдың 1 тоқсанына Үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшеріне сәйкес картоптың бағасы бөлшек саудада 99 теңгеден аспауы тиіс.

Сонымен қатар, Рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасы мөлшеріне сәйкес, 1 кг макаронның бағасы (рожки) - 268 теңгені құрауы керек, ал, ТЖ кезінде 5 кг макаронды кәсіпкерлер 1355 теңгеден сатқан. Яғни 1 кг 271 тг болды. Пияз – 120 тг ден сатылды (ПРЦД бойынша – 96 теңгеден аспауы қажет), жұмыртқа 10 дана -280 (Рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасы – 252) сатылған.

Ұн бағасы 1000 теңгеге дейін көтерілген. Рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасы мөлшеріне сәйкес 25 килолық ұн бағасы - 4575 теңгеден, яғни 1 кг = 183тенгеден аспауы тиіс еді, ал кәсіпкерлер 25 килолық ұнды 5500 теңгеден сатқан. Яғни 1 кг ұн бағасы 220 теңгеге көтерілген.

Айта кету керек, ауыл шаруашылығын қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды, соның ішінде "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында индустрияландыру күні аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Атырауда ұн тарту диірмені іске қосылған еді. Диірмен заманауи итальяндық жабдықтармен жабдықталған. Ұн тарту диірмені "Дәулет" жеке индустриялық аймағында салынған. Кәсіпорынның мақсаты - азық-түлік және жеңіл өнеркәсіптің қазақстандық мазмұнының 100% - ын дамыту, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді арттыру болып табылады. Өндірілетін өнім Қазақстанның батыс өңірлерінің қажеттіліктерін жабатын болады.

Құны 4,4 млрд.теңге болатын жоба жылына 55 мың тоннаға дейін өнім өндіреуіне болады. Осылайша ұнның жетіспеушілігі мүмкін емес.

Өңірде бағаны тұрақтандыру бойынша бақылау облыс әкімінің орынбасарына және "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына (ӘКК) жүктелген. Азық – түлік тауарларының тұрақтандыру қоры бар - бұл азық-түлік тауарларының жедел қоры, оның ішінде аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету және облыс аумағын азық-түлік жетіспеушілігінен қамтамасыз ету үшін құрылған қор. Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорының түрлі сауда нүктелері бар, алайда мониторинг барысында, онда 19 әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тек 5-і ғана – сәбіз, пияз, картоп, қызылша және қырыққабат сатылады. Өнімдердің сапасына келетін болсақ, «мутантты көкөністерді» сатып алғаннан гөрі, тұрақтандыру қорынан алмаған жөн» - дейді «Атырау-Адалдық алаңы» өкілдері. Шынында да, тұрақтандыру қоры арқылы сатып алынатын тауарлар тұрғындар арасында ерекше танымал емес, таңдау шамалы, және өнім сапасы сын көтермейді. Сондай-ақ, жобалық кеңсе азық-түлік қорларын сақтайтын қоймалардың жоқтығын анықтады.

Сондықтан, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қоймаларында Атырау облысының тұрғындарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде тамақ өнімдерінің болуы үлкен күмән тудырады. Мысалы, 1 сұрыпты бидай ұны "Атырау" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының лауазымды тұлғалармен БҚО-дағы "Жылаев КХП" Акционерлік Қоғамынан жалпы сомасы 148 400 000 теңгеге салық төлемдері және тасымалдауды қоса есептегенде килограмм үшін 140 теңге есебімен 1 060 тонна көлемінде сатып алынған. Тауарды жеткізу мерзімі 2020 жылдың 01 сәуіріне дейін. Осы жылдың наурыз айында аймақтық ақпарат агенттігіне берген сұхбатының бірінде «Атырау» Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпоративі департаментінің директоры аймақтағы 440 тонна ұнның бар екендігін және алдағы уақытта тағы да 620 тонна жеткізілгенін айтқан. Алайда, бұл солай ма? Жобалық кеңсе мен арнайы мониторингтік топ жүргізген мониторинг нәтижесінде осы уақытқа дейін Атырау облысына келісім-шартқа тиесілі 45 360 000 теңгеге 324 тонна ұнның толық көлемде жеткізілмегендігін және Атырау облысын ұнмен қамтамасыз етуге қабілетті әрі көтерме бағамен 129 теңгеден және бөлшек саудада 132 теңге бағамен сатуға қабілеттілігі бар жергілікті ұн өндіретін кәсіп орны бола тұра, Атырауға Батыс Қазақстан облысынан килосы 140 теңге тұратын жоғары бағамен ұн сатып алынғандығы белгілі болды. Осылайша, Атырау қаласында ұн өнімдерінің көтерме бағасы 2019 жылдың қараша айына Атырау қаласының аумағында орналасқан "Желаев КХП" АҚ-на қарағанда айтарлықтай аз болды. Бұл жағдайда мемлекетке 11 660 000 теңгені құрайтын залал келтіреді. Облыстық бюджетке салық аударымдарының шығынын алып тастау керек пе? Егер ұн біздің өңірден сатып алынса, жергілікті тауар өндірушілердің салығы өз бюджетімізге түсер еді. Осыған байланысты, жобалық кеңсе мен СМГ Атырау Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясы өкілдерімен бүгін кездесу ұйымдастырылды.

Басқа әкімшілік-аумақтан, яғни БҚО-нан ұн сатып алу туралы мәселеге Атырау Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорация өкілдері ұн жеткізілетін 9 наубайхана басшыларының жергілікті өндірілетін ұнның сапалылығынан бас тартып отырғандығын және азық-түлік дүкендеріндегі ұн бағасы 95 теңгеден төмен болмайтындығын түсіндіреді. "Дәулет наннан" ұн сатып алу туралы сұраққа соңғыларынан олар да ұнның болмауымен ақталды. Осы жағдайды түсіндіру мақсатында «Атырау-адалдық алаңы» және СМГ барлық аймақтық комиссияға қатысқан наубайханаларды аралау барасында, олардың ұн маркасын таңдау болмағандығын және өндірілетін ұн сапасына ешқандай шағымдарының жоқ екендігі белгілі болды.

- " Ең бастысы қоймаға ұн уақытында және арзан бағамен жеткізілсе болды" – дейді.

Өз кезегінде «Дәулет нан» сұралған көлеміндегі ұнның жоқ екендігін жоққа шығармайды, алайда аймақтық комиссия отырысында 2020 жылдың сәуір айына дейін жеткізілуі керектігі жөнінде ештеңе айтылмаған, тез арада 1060 тонна жеткізу туралы мәселесі көтерілген. Осылайша, жергілікті ұн өндіруші қолайлы ұсыныстан бас тартқан және әлеуметтік тұрақтандыру қорынан ұн жеткізу жөнінде өтінімдердің болмағандығын атап өтті. Сонымен қатар, Атырау облысындағы әлеуметтік тұрақтандыру қоры "Дәулет нан" мекемесінің ұнының сапасына сараптама жүргізбеген.

Айта кету керек, кәсіпкерді қолдау мемлекет мүддесіне зиян келтірілмеуі керек. Мәселен, 1-тармаққа сәйкес жеткізу шарты өтінім болмаған кезде және тауардың экспорты болмаса, Сатушы шартты біржақты бұзып, сатып алушыға ақшаны қайтаруға құқылы. Осы ретте «Атырау» Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясы» АҚ-нан 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін өтініштер түсіп, қайтарымды қаражат болды ма деген сұрақ қойғымызы келеді?

«Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және арнайы мониторинг топ жүргізген мониторинг нәтижесінде "Атырау Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясы" АҚ-ның лауазымды тұлғалары лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, БҚО тұрақтандыру қоры үшін ұнды жоғары бағамен қасақана сатып алып отыр деген қорытындыға келіп отырмыз. Осылайша, Үкіметтің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 қаулысымен бекітілген азық-түлік тауарларының аймақтық тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану ережелерінің 7-бабын бұзылған.

Ал, ол жерде былай делінген: «Тұрақтандыру қорын құру үшін жұмысшы орган қызметтерді тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тіркелген мамандандырылған ұйымнан сатып алады». Яғни, сатып алуды Атырау облысында жасалуы керек еді. Бұдан басқа, Атырау облысының жедел қорын толықтыру және нарықтағы бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыстар жеткізілмеген. «Сарайшық» коммуналдық базарында 1-ші сұрыптағы ұнның бағасы бір килограмы үшін 172 теңгеден, ал басқа базарлар мен дүкендерде 1 кило үшін 200 теңгеге дейін көтеріліп отыр. Ал 2020 жылдың 2 тоқсанына Үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшеріне сәйкес ұн бағасы бөлшек саудада 162 теңгеден аспауы тиіс.

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT