Жоғалған баланың денесі Жайықтан табылды

10 маусым күні сағат 18.00-де велосипедпен үйінен шығып кеткен 11 жасар бала қайта оралмаған.

Атырау облысы ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының хабарлауы бойынша 2020 жылдың 11 маусымында сағат 01:56 шамасында Атырау қаласы, Еркінқала-2 кентінде 2009 жылы туылған кәмелетке толмаған баланы іздестіру жұмыстары жүргізілген.

Ауданның барлық төңірегі тексеріліп, жергілікті тұрғындардан сұрастырылады. Сол күні таңертең кинологиялық есеппен Жайық өзенінің жағалауынан велосипед пен баланың заттары табылады.

Сағат 8:10 шамасында Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының 5 қызметкері, 1 бірлік техника, 1 кинологиялық есеп және 1 жүзу құралымен баланың денесі суға түсуге жабдықталмаған жерден судан шығарылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT