Айыппұлды 50 пайыз жеңілдікпен төлеңіз!

Аудан көлемінде ағымдағы жылдың 08-18 маусым аралығында ішкі істер органдары салған айыппұлдарды өндіруді арттыруға бағытталған «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Аталған іс-шараның мақсаты - жергілікті, әкімшілік полиция қызметкерлерімен және жеке сот орындаушылармен бірлескен рейдтік шара арқылы борышкерлерге айыппұлды мәжбүрлеп орындату болып табылады. Яғни, борышкер ЕРАП база жүйесіне тіркеліп, салынған айыппұлды жеті тәулік ішінде төлеп, ақпараттық дерекқорға айыппұлдың төленгені туралы полиция қызметкеріне түбіртек тапсырады.

Салынған айыппұлдарды 7 күн ішінде 204106 есепшотына төлеген жағдайда 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Ал ол мерзімнен кешіктірген жағдайда айыппұлдың жалпы соммасы толық көлемге ауыстырылып, база жүйесіне енгізіледі.

Төленбеген әкімшілік хаттамаларды өндіру мақсатында ҚР-ның ӘҚБтК-нің 894 бабына сәйкес жеке сот орындаушыларына 40 күннен соң әкімшілік хаттамалар жолданатынын ескертеміз. Бұдан басқа, Атырау ОПД ӘПБ-на салынған әкімшілік айыппұлдар жөнінде ескерту мақсатында құқық бұзушы тұлғалардың ұялы телефонына әр ай сайын смс хабарлама жолданып отырады.

Ж.Дюсешева,

аудандық полиция бөлімінің ӘПБ-нің инспекторы,

полиция капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT