92 жастағы әже өз таңдауын жасады

№219 сайлау учаскесінің ең жасы үлкен сайлаушысы 92 жастағы Мухила Қарабалина осы күнді көргені үшін Алла тағалаға риза екенін айтады.

-Біз небір қиын-қыстау күндерді басымыздан өткізген ұрпақпыз. Аштықты да, қазақтың бетке ұстар зиялы ұлдарын жалмаған зұлмат заманды да көрдік. Ұлы Отан соғысының зардабын да тарттық. Көрген бейнетіміздің зейнеті ретінде Тәуілсіздіктің арайлап атқан ақ таңына да куә болдық. Ұрпағымыздың осындай бейбіт кезеңде өмір сүріп жатқанына әрдайым шүкіршілік етемін.

Егемен еліміздің Президентін сайлауына жетінші рет қатысып отырмын. Тәуелсіз Қазақстанның тұрғыны ретінде өз таңдауымды жасадым. Осы күнге жеткізген Аллаға алғысым шексіз,- дейді М.Қарабалина.

Б.Сүйеуова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521