Бір күндік жалақымызды аудардық

Апат айтып келген бе? Күні кеше елімізді елең еткізген Арыс қаласындағы төтенше жағдай кім-кімді де алаңдатпай қоймады.

Ойда-жоқта орын алған жарылыс салдарынан қала тұрғындары жан сақтау үшін жан-жаққа жөнелтіліп, ата-аналар балаларынан ажырап, әуре сарсаңға түсті. Үй-жайларын тастап, уақытша ғимараттарды паналауға мәжбүр болған арыстық ағайындар қазір моральдық әрі материалдық тұрғыдан да көмекке зәру. Ғаламтор желісі арқылы Арыс қаласы халқының жағдайына куә болған қазақстандықтар бұған бей-жай қарамай бір кісідей атсалысып көмек қолын созуды бастап кетті.

Қазір облыс орталығында Арысқа көмек штабы жұмыс жасауда. Дәл осындай көмек көрсету пункттері Құрманғазы, Индер және ауданымызда да ашылды. «Арыс, біз біргеміз» жалпыхалықтың акциясы аясында оқиғадан зардап шекендерге облысымыздан 25 тонна гуманитарлық көмек қоры жиналды. Оның ішінде азық-түліктер, жеке гигиеналық құралдары т.б. заттар бар. Сонымен қатар, халыққа мединициналық көмек көрсету мақсатымен дәрігер, фельдшер, психолог мамандары да аттанды.

Тұрмыстық қажеттіліктен өзге Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент әкімшілігі қызметкерлері бір күндік жалақыларын оқиғадан зардап шеккендер қорына аударып, енді бұл игі іс еліміздің мемлекеттік және жеке кәсіпорын ұжымдарында да жалғасын тауып жатыр. «Көп түкірсе көл» демекші, біз де бұл бастаманы қолдап, ұжым болып бір күндік еңбекақымызды қорға аудардық. Аяқ асты ауыр жағдайға тап болған ағайындарымызға қолымыздан келген көмекті аямай көрсете білсек, көңіл түкпірлеріндегі қаяуды сәл де болса сейілткен болар едік деп білемін.

Сондықтан барша қазақстандықтарды «Арыс, біз біргеміз» жалпыхалықтық акциясына бір кісідей қатысуға шақырамын.

Руслан Әженов, «Nur Otan» партиясы

Махамбет аудандық филиалы

төрағасының бірінші орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521