Керісе бергенше келіскен жақсы

Жыл басында Жоғарғы Соттың Төрағасы Жақып Асанов алқалы жиын өткізіп, жаңа өзгерістердің қажеттігін сот саласындағы өзекті мәселелерді жеті бөлікке бөлді.

Осы 7 жобаның бір мәселесі сот төрелігінің тиімділігіне қатысты болып отыр. Жоғарғы Соттың төрағасы азаматтық істердің жыл сайын көбейіп отырғанын және бүгінде 2 миллион адам сот әуресімен жүргенін айтты. Осы мәселеге тоқтала келе, дау-дамайды сотсыз шешетін институттарды дамыту керектігін және сот дау- лары аз болса, сот актілерінің сапасы жоғары болатынын көрсетті.

Дауды татуласу келісімі тәртібімен шешу Азаматтық процестік 174, 175 және 176 баптарында көрсетілген. Татуласу келісімі азаматтық сот өндірісінде құқықтық қатынастың қатысушылары арасында дауды шешудің баламалы жолы болып табылады. Бітімгершілік келісім институтының дамуы даулы мәселені екі тарапқа да тиімді етіп шешуге оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар аталған Азаматтық процестік кодекстің 181-бабы дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу жолын қарастырады. Партисипативтік рәсім екі тараптың да қорғаушыларының дауды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі. Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы сот бекіткен келісімді орындау осы азаматтық процестік кодекстің 178 бабында белгіленген татуласу келісімін орындау бойынша жүргілзіледі.

 

Материалдың толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521