Ұрлық жасау енді ауыр қылмыс

2019 жылы 21 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар» енгізу туралы заңға қол қойылған болатын.

Аталған заңда «Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінің сот бұйрығын өндіруге қатысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» яғни, 135-бабындағы өзгерістер, нотариустарға қатысты қаралатын іс санаттарындағы жаңа енгізілімдер, яғни сот бұйрығын өндірудің 18 талабының 9-ы нотариатқа берілетін болады, сонымен бірге оңайлатылған сот өндірісінің 12 санатының 10-ы бұйрық арқылы өндіруге беріледі. Сот бұйрығын беру туралы арыз АПК-нің 135-бабына сәйкес қаралуға жатпаса қайтарылатын болады.

Банктік қарыз шарттары бойынша тараптардың мүліктік құқықтарын қамтамасыз ету үшін «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңында: банктік шотты жүргізгені үшін және осындай шотты ашқан кезде қарыз бергені үшін қос комиссияларды; ипотекалық қарыздар бойынша 180 күн өткен соң есептелген сыйақыны алуға тыйым салынатындығы көзделді.

Салық кодексінде, неке және отбасы туралы кодексте және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңында алименттік төлемдер үшін ашылатын арнайы шоттардан балаларды ұстауға арналған алименттік төлемдерді өндіріп алуға тыйым салу белгіленген.

Заң қарыз алушы-борышкердің банктік шотынан ақшаны оның берешегін төлеу есебіне алуға шектеу енгізеді, оған сәйкес оның шотында айлық ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең сома қалуға тиіс. Бұл норма қиын қаржылық жағдайға түскен қарыз алушы жеке тұлғаларды әлеуметтік қорғауға бағытталған.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521